«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалында қан донорлығы тақырыбында дәріс өтті
Кездесу барысында қатысушыларға ерікті донорлықтың маңыздылығы, оның
денсаулық сақтау жүйесі үшін маңыздылығы және әр адам өз өмірін сақтап қалуға
қалай үлес қоса алатыны туралы егжей- тегжейлі айтылды. Донациялардың жүйелілігі
және өтеусіз донорлық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар
аударылды.
Іс-шара аясында қатысушылар алдында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маманы, «Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілер- үйлестірушісі Мира Мустафина сөз сөйледі. Олар өздерінің кәсіби және еріктілік
тәжірибелерімен бөлісіп донорлық қанға деген нақты қажеттілік туралы айтып берді,
кең таралған мифтерді жаққа шығарып қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Партия мүшелері Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын белсенді
түрде қолдап донорлық акцияларға үнемі қатысып жеке үлгі көрсетіп осы маңызды
қозғалысқа көбірек адамдарды тарта түсетіні атап өтілді.
Дәріс жылы әрі әсерлі атмосферада өтіп, қатысушылардың шынайы ықыласын
тудырды. Мұндай кездесулер тек ақпараттандыру деңгейін арттырып қана коймай
адамдарды нақты игі істер жасауға шабыттандырады.
Іс – шара соңында қатысушылар донорлық бастамаларды қолдауға және
еріктілер қозғалысын дамытуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді, өйткені
донорлық-бұл біреудің өмірін сақтап қалуға болатын қарапайым қадам.




