Қайырымдылық ортақ дәстүрге айналғанда: «Өскемен ГЭС» ЖШС-дегі Донор күні

Қайырымдылық ортақ дәстүрге айналғанда: «Өскемен ГЭС» ЖШС-дегі Донор күні

Даңғаза сөздерді қажет етпейтін, бірақ маңызы зор істер бар. Солардың бірі – донор болуға өз еркімен шешім қабылдап, біреудің өмірін сақтап қалу үшін өз бойындағы қанның бір бөлігін беру.

«Өскемен ГЭС» ЖШС-де қан құюды қажет ететін адамдарға көмек көрсету сияқты аса маңызды әрі ізгі мақсат жолында қызметкерлерді біріктірген Донор күні өтті.

Донор болуға келу туралы әрбір шешімнің артында адамның бейжай қарамайтындығы, көмек қолын созуға деген дайындығы және бір адамның өзі де көп нәрсені өзгерте алатынын түсінуі жатыр. Біреулер үшін тапсырылған қан сауығуға мүмкіндік берсе, енді біреулер үшін қалыпты өміріне оралып, жақындарын құшақтап, болашаққа жоспар құруға жол ашады.
Кәсіпорын ұжымдарының кәсіби міндеттерін орындаумен қатар, игі істерге де уақыт табуы ерекше құнды. Мұндай бастамалар өзара көмек, жауапкершілік пен адамдарға қамқорлық жасау – жай ғана сөз емес, өмірдегі шынайы құндылықтар екенін көрсетеді.

«Өскемен ГЭС» ЖШС басшылығы мен қызметкерлеріне жанашырлығы, белсенді азаматтық ұстанымы және қанның өтеусіз донорлығын қолдағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Донор болуға мүмкіндік тауып, игі іске үлес қосқан әрбір жанға ерекше алғыс айтамыз!

Игі дәстүрлер жалғасын тауып, бейжай қарамайтын жандардың қатары жыл сайын арта берсін!

Өйткені донор болу – қан тапсырудан әлдеқайда маңызды. Бұл – басқа адамға үміт сыйлау және ең қымбат құндылық – өмір сүруге мүмкіндік беру!

Неліктен жоғары артериялық қан қысымы қан доноры болуға қарсы көрсетілім болып табылады?Донор күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33