Қалай қан доноры болуға болады?

Қалай қан доноры болуға болады?

«Қалай қан доноры болуға болады?»- бұл мәселемен ШҚО тұрғындары қан орталығына жиі жүгінеді.

Донор — өз қанын беретін, науқастарға-денсаулық, хал үстіндегі адамға – өмір сыйлайтын адам. 206-бапқа сәйкес қан және оның компоненттері донорларының құқықтары мен міндеттері кодексінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»:

«18 жастан асқан, тиісті медициналық тексеруден өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан мен оның компоненттерін беруді (донациялауды) жүзеге асыруға ерікті ниет білдірген кез келген дені сау адам донор бола алады».

Қан тапсырар алдында не білу керек:

«Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығының негізінде донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттар болған кезде ғана жүзеге асырылады не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) немесе мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне арналған әскери есепке алу құжаты.

Донация күндері және қан мен оның компоненттерін тапсыру күні донорларға:

* аш қарынға келу

* майлы, қуырылған, ащы, ысталған, сүт өнімдері тағамдарын жеу.

* процедурадан екі күн бұрын алкоголь ішу.

* процедурадан үш күн бұрын аспирин, анальгин, құрамында анальгетиктер бар басқа препараттарды қолдану.

* процедурадан бір сағат бұрын темекі шегу ұсынылмайды.

Донация алдындағы ең жақсы таңғы ас-суға піске тәтті ботқа, тәтті шай, кепкен тоқаштар, тосап қосылған нан.

Донор өзіне белгілі барлық  немесе бұрын болған аурулар туралы, сондай-ақ оның есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды қолданғаны туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.

Донор қан бермес бұрын міндетті түрде тегін медициналық тексеруден өтеді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 208-бабына сәйкес донорға берілетін Кепілдіктер, жұмыс берушілер мен ұйымдардың қан мен оның компоненттерінің донорлығын дамыту жөніндегі құқықтары мен міндеттері:

қызметкер қан және (немесе) оның компоненттерін медициналық тексеру және донациялау кезінде жұмыс күндері орташа жалақысы сақтала отырып жұмыстан босатылады;

қан және (немесе) оның компоненттерін өтеусіз негізде донациялауды жүзеге асырған донорға орташа жалақысы сақтала отырып, жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін қосымша бір демалыс күні беріледі.

Осы кепілдіктер донация жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

Қан және (немесе) оның компоненттерін өтеусіз негізде донациялауды жүзеге асырған Донор қан және (немесе) оның компоненттерін таңдау бойынша донациялағаннан кейін өз қанының көлемін және ағзаның энергетикалық шығындарын толықтыру үшін тегін тамақ не оның ҚР Үкіметі белгілеген 0.25 АЕК мөлшеріндегі ақшалай баламасын алады.

Қан тапсыру кезінде бас айналу: себептері және алдын-алуБолашақ донорлар: қан орталығындағы  экскурсияда мектеп оқушылары

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33