Қала күні мен ҚР Конституциясы күніне орай донорлық акцияға шақырамыз!

Қала күні мен ҚР Конституциясы күніне орай донорлық акцияға шақырамыз!

Екі маңызды мереке – қала күні мен Қазақстан Республикасының
Конституциясы күні қарсаңында барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарды жылы
және мейірімді атмосферада өтетін донорлық акцияға қатысуға шақырамыз.
Өткізу күні: 29.08.2025 ж.
Өтетін орны: ЖМК, Көкжал Барақ көшесі, 11
Уақыты: 8:30-дан 13:30-ға дейін
Әрбір донация – бұл үш адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі. Донорлық қан
күнделікті қажет – операциялар, босану, жарақаттар, ауыр ауруларды емдеу үшін.
Бұл әсіресе мереке күндері, қанға деген қажеттілік азаймаған кезде өте маңызды.
Жақсылық жасаңыз-донор болыңыз және біздің азаматтарымыздың өмірі мен
денсаулығына үлес қосыңыз!
18 жастан асқан әрбір сау адам донор бола алады, өзімен бірге жеке басын
куәландыратын кұжат болуы кажет.
Біз бірге көп нәрсені жасай аламыз! Мерекені шынайы мейірімді етейік!
Күн сайын дүние жүзіндегі мыңдаған адамдар қан құюды, ағзаларды немесе сүйек кемігінің жасушаларын трансплантациялауды қажет етеді. Мысалы, онкологиялық науқастар, апат құрбандары, қан аурулары немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдар. Донорлар болмаса, олардың өмір сүру мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33