Қан донациясына дейін және одан кейін қандай зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Қан донациясына дейін және одан кейін қандай зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

Донация алдындағы зерттеулер.

Қан орталығына барған сайын донор ҚР ДСМ бұйрықтарымен регламенттелген алдын ала зертханалық зерттеу рәсімінен өтеді.

  1. Саусақтан алынған қан талдауы бойынша мыналар анықталады: қан тобы, резусжәне антиген Келл, алайда, егер донорға әр түрлі донациялар кезінде үш рет растайтын зерттеу жүргізілсе және нәтижелерде сәйкессіздік болмаса, онда қан тобы мен Rh-тиістілігі белгіленген болып саналады және мұндай донорға бұл зерттеу жүргізілмейді.
  2. Әрбір донация алдында гемоглобин деңгейі анықталады. Гемоглобин – ағзада газ алмасудың және тұрақты метаболизмді сақтаудың маңызды қызметін атқаратын құрамында темір бар қан ақуызы. Ол қызыл қан жасушаларында кездеседі және оларға қызыл түс береді. Потенциалды донордың саусағын әр уақытта тесу не үшін қажет? Для того чтобы не допустить к донорству человека с пониженным гемоглобином: ниже 120 г/л у женщин, ниже 130 г/л у мужчин (скрытая анемия). Доноры с показателями гемоглобина ниже нормы отстраняются от донорства до восстановления данного показателя.

Гемоглобині төмен адамды яғни, әйелдерде 120 г/л-ден төмен болса, ерлерде 130 г/л-ден төмен (жасырын анемия) болса донор болуға рұқсат берілмейді. Гемоглобин көрсеткіштері нормадан төмен донорлар осы көрсеткіш қалпына келгенге дейін донорлықтан шеттетіледі. Гемоглобині 180 г/л нормадан жоғары донордың жағдайы (эритроцитоз) қандай? Донор донациядан да шеттетіледі, өйткені қою қан баяу жиналады және қан тапсыру кезінде микро тромбтардың әсерінен иненің бітелуі мүмкін және донор Бірақ! Гемоглобиннің жоғарылығыннан шеттетілген донор ақылы негізде емдік гемоэксфузия ретінде қан тапсыра алады.

  1. Қан донациясы алдында анықталатын келесі көрсеткіш-АЛТ деңгейі (аланинаминотрансфераза). Біздің ағзамыздың жасушалары шығаратын бұл фермент ішкі ағзалардың зақымдануын анықтауға мүмкіндік береді. Қандағы АЛТ қалыпты деңгейі минималды, ал оның өсуі көп жағдайда бауыр патологиясының болуын көрсетеді. АЛТ шамалы (физиологиялық) жоғарылауы, шамадан тыс жұмыс, созылмалы күйзеліс, қарқынды физикалық белсенділік, улану, алкогольді, майлы, ащы, ысталған, қуырылған тағамдарды, газды сусындарды қолданғаннан жоғарылуы мүмкін болады. АЛТ физиологиялық жоғарылауын болдырмау үшін донорлық диетаны қан тапсырар алдында және қан тапсыратын күні сақтау ұсынылады. Аш қарынға қан тапсырудың қажеті жоқ. Авокадо, қызылша, бананнан басқа тәтті шай, шырындар, жеміс сусындарын ішуге, сондай – ақ, крекер, ірімшік, жарма, макарон, көкөністер мен жемістерді жеуге болады.

Донорларға глюкоза мен холестерин деңгейін өлшеу бойынша зертханалық зерттеулер жүргізілмейді, өйткені бұл талдаулар донорларды медициналық куәландыру талаптарына, медициналық қолдануға арналған қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздік пен сапаға кірмейді. Бірақ, бұл зерттеулерді қан орталығында АҚЫЛЫ негізде өтуге болады.

Тұрақты донорларға (жылына 3 немесе одан да көп рет қан тапсырған) клиникалық қан талдауы  (лейкоциттер, тромбоциттер, эритроциттер деңгейін өлшеу), СОЭ, қанның ұю уақыты және ақуыз деңгейі жүргізіледі. Қосымша сынақтарды терапевт әлеуетті донормен сөйлескеннен кейін тағайындайды.

Донациядан кейінгі зерттеулер.

Донация рәсімі кезінде әрбір донордан қан компоненттерінің (АИТВ-инфекциясы, В, С гепатиттері, эритроциттерге қарсы антиденелер және мерез қоздырғышы, сондай-ақ қан тобына және резус-тиістілігіне растайтын зерттеу) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса маңызды көрсеткіштерге зерттеу үшін зертханалық диагностика бөлімшелеріне берілетін 3-4 веноздық қан пробиркалары алынады. Барлық зерттеулер автоматтандырылған медициналық жабдықта жүргізіледі. Сапа стандарттарына сәйкес келмейтін өнімдер алынып тасталады және жойылады.

Біздің міндетіміз-донорлық қан компоненттерінің де, донордың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Құрастырған:

Келісілді:

Мейірімділік пен жауапкершілік!ШҚ ООО жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33