Қан донорлығы – өмір сыйлауға берілген мүмкіндік!
Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын дамыту және донорларды
қолдау бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облыстық бюджеті есебінен қаржыландырылатын және
«Қазақстанның болашағы үшін» Өскемен қалалық жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге
асырып жатқан «Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығы мен оның
компоненттерін дамытуды қолдау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру»
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Өскемен қаласының медициналық
ұйымдарында қан донорлығын насихаттайтын ақпараттық баннерлер
орналастырылды.
Бүгінгі таңда баннерлер:
ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК,
ШҚО ДСБ «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК,
ШҚО ДСБ «Амбулаториялық орталық» ШЖҚ КМК мекемелерінде
орналастырылған.
Күн сайын аталған медициналық ұйымдарға келетін мыңдаған келушілер
донорлық қанның неліктен аса қажет екенін, кімнің донор бола алатынын және бір ғана ерікті игі іс қан құюды қажет ететін адамдарға өмірге жаңа мүмкіндік сыйлай
алатынын біле алады.
Алдағы уақытта баннерлер ротация тәртібімен Шығыс Қазақстан облысының
ұйымдарында, кәсіпорындарында, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ сауда-ойын-
сауық орталықтарында – өңір тұрғындары күн сайын көптеп келетін орындарда
орналастырылатын болады. Бұл өтеусіз қан донорлығының маңыздылығы туралы
ақпаратты тұрғындардың одан да кең ауқымына жеткізіп, оларды донорлық
қозғалысқа қосылуға ынталандырады.
Донорлықты насихаттау – өзара көмек, мейірімділік және әлеуметтік
жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға қосылған үлес. Әрбір донация – ауыр
операциялардан, жарақаттардан кейін, босану кезінде, онкологиялық және басқа да
ауруларды емдеу барысында қан құюды қажет ететін пациенттерге көрсетілетін
нақты көмек.
Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарының бас дәрігерлеріне
осы бастаманы қолдап, өтеусіз қан донорлығын дамытуға қосқан үлестері үшін
шынайы алғысымызды білдіреміз.
Мүмкін, дәл Сіздің донор болу туралы қабылдаған шешіміңіз біреуге ең
қымбат сыйды- өмірді сыйлар.


