ҚР қан қызметінің 90 жылдығы туралы жарияланымдарды жалғастыра отырып, осы іс-шарада өткен марапаттау туралы толығырақ айтып бергіміз келеді.

ҚР қан қызметінің 90 жылдығы туралы жарияланымдарды жалғастыра отырып, осы іс-шарада өткен марапаттау туралы толығырақ айтып бергіміз келеді.

ҚР қан қызметінің 90 жылдығы туралы жарияланымдарды жалғастыра отырып, осы іс-шарада өткен марапаттау туралы толығырақ айтып бергіміз келеді.      Бұл күні өмірін денсаулық сақтау  саласына арнаған мамандар мен ардагерлерді ғана марапаттап қана қоймай, сонымен қатар, қан қызметіне өз үлестерін қосқан, өзгенің өмірін сақтап қалуға ат салысып жүрген, өз қаның өтеусіз беретін донорлар мен еріктілерде марапатталды. Марапатталғандардың арасында біздің жерлестеріміз – Пансевич Зухра мен Головин Сергей де болды, олар донорлық қозғалысқа көп жылдар бойы қатысқаны, белсенді азаматтық ұстанымы, жауапкершіліктері  үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Пансевич Зухра Тоқтаркановна 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өтеусіз қан доноры болып табылады. Ал 2019 жылы Зухра Токтаркановна Шығыс Қазақстан облысында гемопоэтикалық дің жасушаларының алғашқы  доноры болды!

Головин Сергей “ҮМЗ” АҚ жастар Бірлестігінің төрағасы бола отырып, 2019 жылдан бастап өтеусіз қан тапсырып қана қоймай, өзі жұмыс істейтін зауытта донорлық күндердің белсенді ұйымдастырушысы болып табылады.

Біздің донорларымызды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Алматы қаласының Республикалық қан орталығында өткен Қазақстан Республикасы қан қызметінің 90 жылдық мерейтойына орай оның көптеген өкілдері (қан орталықтарының мамандары, ардагерлер) жоғары кәсібилігі, адал еңбегі, іске адалдығы және қан донорлығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін түрлі марапаттарға ие болдыБиохимиялық қан талдауы –  зертханалық диагностиканың ең әмбебап әдістерінің бірі болып табылады, өйткені ол адам ағзасының барлық жүйелерінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33