Қызметкерлерді үздіксіз оқыту – кәсіби дамудың негізі
Үздіксіз оқыту кәсібиліктің кепілі!
Персоналды оқыту ұйымды тиімді дамытудың жүйесінде маңызды
орындардың бірін алады. Кез келген кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына
қол жеткізуі көбінесе қызметкерлердің қойылған міндеттер туралы
қаншалықты хабардар екендігіне және оларды жүзеге асыруға қаншалықты
дайын екендігіне байланысты. Мұндай стратегияны іске асыру басқарушы
құрамның да, барлық ұжым мүшелерінің де жоғары деңгейдегі біліміне,
кәсібилігіне және құзыреттерін үнемі жетілдіріп отыруына негізделеді.
Шілде айында қан орталығының қызметкерлері дәрістер тындап қана
қоймай, практикалық тренингтер мен жұмыс барысында өткізілетін
жаттығуларға да қатысты. Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1. Эпидемнолог С.М.Азтаева келесі тақырыптар бойынша оқу
сабақтарын өткізді: «АИТВ-жұқпасы: алдын алу және
клиникалық көріністері», сондай-ақ «Сібір жарасы және құтыру
аурулары кезіндегі диагностика және алғашқы эпидемияға қарсы іс-
шараларды ұйымдастыру».
2. ДЖБ меңгерушісі А.М.Сарсенбаева «Қиын донорлармен және
пациенттермен жұмыс істеудің этикалық аспектілері» тақырыбында
дәріс оқыды.
3. ИШҚ бастығының м.а. В.В.Ильенко «Эвакуациялық жолдар мен
апаттық шығу орындарына қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары»
тақырыбында тренинг өткізді.
4. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Қ.М.
Кабдрахманова «Қара код» оқу-жаттығуы аясында «Ұйым
аумағында террористік акт қаупі туындаған кездегі және ол
жасалған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеттері» тақырыбында
тренинг өткізді, сондай-ақ хабарлау және байланыс тобына сымды
байланыс құралдарын орналастыру және олармен жұмыс істеу
бойынша оқыту жүргізді.
Персоналды үздіксіз оқыту көрсетілетін қызметтердің сапасын
арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және қызметкерлердің кәсіби
міндеттерін орындауға жоғары деңгейде дайын болуын қамтамасыз етуге
ықпал етеді.


