Донор күні Шығыс Қазақстан облысының медицина қызметкерлері мен тұрғындарын біріктірді
«ШҚО мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК-да кезекті Донор
күні өтті. Бұл игі шара өзгеге көмектесуді тек кәсіби міндет емес, өмірлік ұстаным
санайтын жандардың басын қосты.
Бұл күні қан тапсыру акциясына дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер және
медициналық орталықтың өзге де қызметкерлері қатысты. Игі бастамаға
«Амбулаториялық орталық» ШЖҚ КМК-ның медицина қызметкерлері де қолдау
білдіріп, пациенттерге деген жанашырлық пен қамқорлықтың жұмыс орнымен ғана
шектелмейтінін өз үлгілерімен дәлелдеді.
Ерекше қуантатыны – донорлық акцияға тек медицина қызметкерлері ғана емес,
қала тұрғындары да белсене қатысты. Сондай-ақ қан компоненттері шұғыл қажет
болып отырған науқастардың жақындары да Қан орталығына келіп, донорлық жасап,
өзгеге өмір сыйлауға өз үлестерін қосты.
Әрбір донорлық қан тапсыру – біреудің өмірін сақтап қалуға, ауыр дертпен
күресіп жатқан науқасқа үміт сыйлауға немесе күрделі отадан сәтті өтуіне нақты
мүмкіндік.
Барлық донорларға жанашырлықтары, мейірімділіктері және ең қымбат сый -өмірге үміт сыйлайтын қанмен бөлісуге дайын болғандары үшін шынайы
алғысымызды білдіреміз. Сіздердің арқаларыңызда көптеген науқас сауығуға
мүмкіндік алып, әлем мейірім мен ізгілікке толы бола түсуде.
#ДонорКүні #ӨтеусізДонорлық #ШҚОҚанОрталығы #ӨмірСыйлайық #ҚанДоноры #ШҚО

