Қыркүйек айының үшінші жексенбісі – гемопоэздік дің жасушалары донорлары күні!
Бұл күн бір кездері маңызды шешім қабылдап, әлеуетті донор
болуға ниет білдірген және қан жүйесінің ауыр ауруларымен күресіп жүрген
адамдарға үміт сыйлауға дайын жандарға арналады.
Гемопоэздік дің жасушаларының донорлығы көмек көрсетудің
ерекше түрі. Науқас үшін сәйкес донордың табылуы өмірін жалғастыруға
берілген шынайы мүмкіндік болуы мүмкін. Сондықтан әлеуетті донорлар
тізілімінде осындай игі іске бейжай қарамайтын адамдардың саны неғұрлым
көп болғаны маңызды.
Тізілімге қосылу – «Егер бір күні менің жасушаларым көмекке мұқтаж
адамға сәйкес келсе, мен көмектесуге дайынмын» деп айту мүмкіндігі.
Бүгін біз барлық гемопоэздік дің жасушаларының (ГДЖ) донорларын
құттықтап, басқа адамға көмек көрсетуге қадам жасаған әрбір жанға
алғысымызды білдіреміз. Сіздің шешіміңіз – батылдықтың, жауапкершіліктің
және шынайы адамгершіліктің көрінісі.
Бейтаныс адамға сыйлауға дайын болған мейіріміңіз бен жақсылығыңыз
өзіңізге еселеп қайтсын! Гемопоэздік дің жасушалары донорлары күні


