Құрметті шығысқазақстандықтар!
2025 жылдың 20 наурызында Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық қан орталығы серіктестеріміз «Магелан», «Jan Sushi» суши мейрамханасы ЖШС және Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалымен бірлесе отырып, Сіздерді «Наурыз-бейбітшілік пен жақсылық мерекесі!» атты ұранмен өтетін донорлық акцияға шақырады. Біздің қаламыздың және облыстың барлық тұрғындарын, сондай – ақ, қан тапсыруға ниет білдірген жандардың барлығын біз қан орталығында күтеміз. Қонақтарды мерекелік дастархан мен серіктестеріміздің сыйлықтары күтеді.
Қан алу уақыты сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін.
Маңызды! Өтетін іс-шараға қонақтардың ұлттық киіммен келуі құпталады! Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11
Қан орталығына № 17, 46, 26 автобустармен және № 260 маршрутпен келуге болады. Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжатты алып жүріңіз!
Достар, біздің акцияға достарыңызды, құрбыларыңызды және туыстарыңызды шақыруды ұмытпаңыздар!