Әрбір минут – құнды өмір
Төтенше жағдай – апат, өрт, табиғи апат немесе шұғыл операция орын
алғанда – уақыт сағатпен емес, минутпен есептеледі.Ал осы минуттарда
дәрігерлердің қасында әрдайым қан қызметі болады.
Донорлық қан – бұл абстрактілі медициналық ресурс емес. Бұл өмір
мен өлім шегінде тұрған адамдарға нақты көмек. Қанды «өндіру» немесе
алмастыру мүмкін емес – оны тек адам адамға сыйлай алады.
Шұғыл жағдайларда қан дереу қажет: жол-көлік оқиғасына
ұшырағандарға, көп қан жоғалтқан науқастарға, асқынулар кезінде босанатын
әйелдерге, сондай-ақ күрделі операциялар кезінде немесе кейін балалар мен
ересектерге. Сонымен қатар, мынадай маңызды нәрсені түсіну қажет: қанды
«кез келген жағдайға» шексіз мөлшерде сақтап қою мүмкін емес. Әр
компоненттің сақтау мерзімі бар. Сол себепті тұрақты донорлық қор –
әрқайсымыздың қауіпсіздігіміздің мәселесі. Әрбір донация – өмір сүру,
отбасына оралу және өмірдің жаңа тарауын бастау мүмкіндігі. Егер сіз қан тапсырып жатсаңыз – сіз өмірді сақтап жүрген үлкен команданың бір
бөлігісіз. Ал егер тек ойлап жүрсеңіз – мүмкін, бір күні дәл сіздің көмегіңіз
шешуші болады.
Шынайы қажет сәтте көмектесуге дайын болғандарыңыз үшін әр донорға батылдығы, мейірімділігі және адамгершілігі үшін алғысымыз
шексіз.


