Өзгенің өміріне бей-жай қарамағаныңызға рахмет!

Өзгенің өміріне бей-жай қарамағаныңызға рахмет!

2024 жылдың 17 шілдесінде «ҮМЗ» АҚ- ның оқу орталығында қан доноры күні өтті.

Ерікті түрде қан тапсыру акциясына қатысу үшін кәсіпорынның 70 астам қызметкері жүгінді. Қан алудың уақытша пункті бірінші қабатта 108 оқу кабинетінде ашылды. Тексеру нәтижелері бойынша «ҮМЗ» АҚ-ның 59 қызметкері қан тапсыруға жіберілді. Әр донор 450 мл қан тапсырды, жалпылай алғанда 27 литр қан жиналды. Стационарлық зертханада міндетті тексеруден кейін дайындалған қан Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қан банкін толықтырады және қажет болған жағдайда Өскемен қаласы мен облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі.

Қан тапсырған барлық донорларға бастамашылдығы мен бейтаныс адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесуге деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз!

 

Донорларды шақырамыз!(RU) Объявление №13

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33