Өскемен қаласында дәрігерлер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген 16 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды.

Өскемен қаласында дәрігерлер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген 16 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды.

Ол ішкі ағзаларының кең көлемде
зақымдануы және көп мөлшерде қан жоғалту салдарынан өте ауыр халде түскен.
Науқас ауруханаға артериялық қысымы аса төмен күйде жеткізілген, ал тексеру
барысында медицина қызметкерлері құрсақ қуысымен қолында ауыр жарақаттар бар
екенін анықтады.
Шұғыл хирургиялық араласу барысында мамандар құрсақ қуысынан едәуір
көлемде қан анықтады
бұл өмірге қауіп төндіретін массивті қан кету болған.
Сонымен қатар, ішектің, қан тамырларының және ішкі тіндердің көптеген
зақымданулары диагностикаланды. Ота бірнеше сағатқа созылып, дәрігерлерден
жоғары денгейдегі кәсібилік пен барынша шоғырлануды талап етті.
Мұндай жағдайларда дәрігерлердің кәсіби шеберлігімен қатар, донорлық қан
мен оның компоненттерінің дер кезінде қолжетімді болуы шешуші рөл атқарады. Дәл
осындай жанашыр донорлардың арқасында қалыптастырылған қан қорының
нәтижесінде кажетті трансфузиялық терапия жүргізіліп, науқастың жағдайын
тұрақтандыру мүмкін болды.
Қан орталығының атынан тұрақты түрде қан тапсырып, күн сайын адам өмірін
сақтап қалуға үлес қосып жүрген барлық донорларға шынайы алғысымызды
білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен көмекке әрдайым дайын тұруларыңыз
-қиын жағдайда қалған пациенттердің денсаулығы мен болашағына қосылған баға жетпес үлес.
Бұл жағдай тағы да бір маңызды жайтты дәлелдейді: донорлық қан – өмірлік
маңызы зор ресурс, онсыз күрделі операцияларды жүргізу және ауыр жарақат алған
науқастардың өмірін сақтау мүмкін емес. Әрбір донация – оған аса мұқтаж жандар
үшін өмірге берілген мүмкіндік.

WhatsApp Image 2026-03-27 at 17.34.43.jpeg

27 наурыз күні «Жаңа адамдар» еріктілер жастар қозғалысының кампусында қан донорлығы тақырыбына арналған дәріс өткізілді.Донорлық бағдаршам 30.03.2026ж.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33