27 наурыз күні «Жаңа адамдар» еріктілер жастар қозғалысының кампусында қан донорлығы тақырыбына арналған дәріс өткізілді.

27 наурыз күні «Жаңа адамдар» еріктілер жастар қозғалысының кампусында қан донорлығы тақырыбына арналған дәріс өткізілді.


Кездесу жайлы әрі ашық атмосферада өтті. Қатысушылар донорлықтың
маңыздылығы туралы кеңірек ақпарат алып қана қоймай, өздерін қызықтырған
сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Спикер ретінде:
донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі Әлия Сәрсенбаева;
халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маман, «Қазақстанның болашағы
үшін» Өскемен жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілер-үйлестірушісі Мира Мустафина сөз сөйледі.
Дәріс барысында донорлықтың қауіпсіздігі, оның Денсаулық сақтау жүйесі үшін
маңызы, сондай-ақ кең таралған мифтер егжей-тегжейлі баяндалды. Өтеусіз қан
донорлығын дамытудағы жастар мен еріктілердің рөліне ерекше назар аударылды.
Бүгінгі таңда белсенді, бей-жай қарамайтын жастар жақсы өзгерістердің қозғаушы
күшіне айналып, өмірді құтқару үшін адамдарды біріктіруде.
Еріктілік – бұл тек көмек көрсету емес, бұл қоғамға пайда келтіруге, қамқорлық
көрсетуге және өзгелерге жауапкершілікпен қарауға саналы тандау.
Кездесу маңызды әрі шабыттандыратын бастамаға ұласты: еріктілер қан құюға
мұқтаж науқастарға көмек көрсету үшін донорлық күндерді ұйымдастыруға дайын
екендіктерін білдірді. Бұл жақсылық іс-шаралары болашақта да жалғасатынын және
одан әрі көп адамдардың жүрегінде орын табатынын білдіреді.
Донорлық қозғалыстың дамуына деген қызығушылықтары мен қосқан үлестері
үшін ұйымдастырушыларға және қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Қан хилезі және оның себептеріӨскемен қаласында дәрігерлер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген 16 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33