№34 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларына арналған экскурсия
Бүгін №34 мектеп лицейінің 8 сынып оқушылары облыстық қан орталығына
танымдық әрі шабыттандыратын қызықты экскурсияға барды!
Оқушылар көптеген жаңа әрі қызықты деректермен танысып, өз ой-өрістерін кеңейтіп және бұрын тек оқулықтардан ғана оқыған дүниелерді кезбен көрді: қан
донорлығының пайдасы, қан тапсыруға дайындалу жолдары және донация рәсімінің
қалай өтетіні туралы білді. Экскурсия достық әрі белсенді атмосферада өтті: мектеп
оқушылары сұрақтар қойып, әсерлерімен бөлісіп, талқылауларға қызығушылықпен
қатысты.
Мұндай экскурсиялар оқушыларға қан донорлығы туралы ақпаратты тереңірек түсінуге
көмектеседі,
олардың танымдық қызығушылығын
арттырып,
ұжымдық рухты
қалыптастырады.
Осындай мазмұнды әрі әсерлі оқу тәжірибесін ұйымдастыруға мүмкіндік берген
ұйымдастырушылар мен ұстаздарға алғыс білдіреміз!







