21-22 сәуір күндері облыстық қан орталығында гемопоэздік дің жасушаларының донорлығына арналған донорлық акция өтті.
Екі күн ішінде Шығыс Қазақстанның 30-дан астам тұрғыны маңызды қадам
жасап, ГДЖ донорларының тіркеліміне қосылды. Енді олардың әрқайсысы
трансплантацияға аса мұқтаж науқас үшін «генетикалық егізге» айналып, сауығуға
мүмкіндік сыйлай алады.
Тіркелімге қосылу рәсімі қарапайым болғанымен, оның маңызын асыра бағалау
мүмкін емес. Оның артында мүлде бейтаныс адамға көмектесуге дайындық,
адамгершіліктің ең жоғары көрінісі – өмірді құтқару ниеті жатыр.
Сүйек кемігі донорлығы – қорқынышты емес, керісінше шынайы ізгі іс! Бұл- рухы мықты адамдардың таңдауы, өйткені олар бір күні дәл өз шешімі біреуге
жалғыз үміт болуы мүмкін екенін түсінеді!
Өйткені кейде біреудің өмірін құтқару үшін жай ғана: «Мен көмектесуге
дайынмын!» деп айту жеткілікті.





