16 және 17 қыркүйекте облыстық қан орталығында халықаралық гемопоэздік дің жасушалары доноры күніне (ГДЖ) арналған жыл сайынғы донорлық күндер – ерекше, мағыналы және үмітке толы акция өтті

16 және 17 қыркүйекте облыстық қан орталығында халықаралық гемопоэздік дің жасушалары доноры күніне (ГДЖ) арналған жыл сайынғы донорлық күндер – ерекше, мағыналы және үмітке толы акция өтті

 

Екі күн ішінде 20-дан астам шығысқазақстандықтар тағдырларды өзгертуге қабілетті қадам жасады. Олардың әрқайсысы ГДЖ донорлар тізіліміне кіруге келісімге қол қойды. Енді ең құнды – өмір сүруге мүмкіндік беретіндердің саны 22 адамға артты.

Әрбір қаһарман қорғаныш шапанын кие бермейді дейді. Батырлар біздің арамызда жүр – олар қарапайым адамдар, бір күні: «Иә, қажет болса, мен көмектесуге дайынмын» деп айтуға бел буатын адамдар. Дәл осы сөздер сүйек кемігін транспланттауды қажет ететін науқастар үшін құтқаратын жарыққа айналады.

Өмір үшін күресіп жатқан ересек адам немесе бала үшін жаңадан келген донорлар арасында жалғыз генетикалық егізі табылып қалуы мүмкін. Әзірге олар өздерінің әдеттегі өмірлерімен – біреудің үміті мен тірегі болғанын білместен, жұмысына, оқуына, күнделікті тірліктерімен жүріп өмір сүре береді.

Келгендердің барлығына алғыс айтамыз. Батылдықтарыңыз үшін, жомарттықтарыңыз үшін және басқа біреудің ауыр халіне мейірімділік танытқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.

Өйткені донор болу – бұл тек қан жасушаларын ғана емес, бүкіл жалғасып жатқан тарихты беру.
Сіздердің бөліскен жақсылықтарыныз жүз еселеніп қайтсын.

ШҚО қан орталығы оқушыларды «Сүйек кемігі донорына рахмет» атты байқауға шақырады!Қан топтарының мұрагері

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33