2026 жылғы 6 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында нәзік жандыларға арналған дәстүрлі ерекше донорлық акция – сұлулық, мейірім мен әйелдердің шынайы күшін дәріптейтін күн өтті

2026 жылғы 6 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында нәзік жандыларға арналған дәстүрлі ерекше донорлық акция – сұлулық, мейірім мен әйелдердің шынайы күшін дәріптейтін күн өтті

Бұл нәзік жандылардың арқасында – сансыз құтқарылған өмірлер бар.
Күнделікті тұрмыстық тіршіліктен: үй шаруасы, балалар, отбасы, жұмыс, ас әзірлеу мен кір жуу сияқты міндеттерге қарамастан, біздің ханымдар ең маңызды іске – қан
компоненттері қажет науқастарға көмек көрсетуге уақыт тауып келгендері.
Бұл іс-әрекеттің артында үлкен жүрек пен аса жауапкершілік жатыр. Әр
донорлық – науқас үшін сауығудың мүмкіндігі, үміт нышаны және өмірді
жалғастыру жолы.
Бұл шара «ROMANTIC» гүл салонының демеуімен ұйымдастырылды. Әрбір нәзік жанды донорға көктемнің, жаңарудың және өмірдің белгісі ретінде қызғалдақ
гүл шоқтары тарту етілді.
Біздің сүйікті
донорларымызға алғысымыз шексіз! Сіздердің
қамқорлықтарыңыз, рухты күштеріңіз және мейірімді жүректеріңіз
нағыз сұлулықтың белгісі. Біз бірге өмірді құтқарамыз!

Ерікті қан донорлығы айлығының аяқталуы07.03–09.03 аралығындағы жұмыс кестесі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33