5 маусымда республикалық референдум өтеді

5 маусымда республикалық референдум өтеді

5 маусымда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді. Бұл күнді тағайындау туралы жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік модельді кешенді түрде трансформациялауға бағытталған. Осы іс-шара қарсаңында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК директоры Светлана Шмурыгина ұжым арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді және барлығын үлкен біртұтас отбасы ретінде референдумға шығып, «Жаңа Қазақстан» үшін дауыс беруге шақырды.

Құрметті қазақстандықтар, шетте қалмаңыз және 5 маусымда дауыс беру үшін өзіңіздің сайлау учаскелеріңізге барыңыздар. Өйткені, Жаңа Қазақстанның болашағы мен дамуы әрқайсымызға байланысты!

ДОНОРЛЫҚ СЕНБІ!📢Қымбатты достар, біз Сіздердің назарларыңызға ай сайынғы «Донорлық күнтізбе» 📆айдарын ұсынамыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33