9 сәуірде «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының еріктілері маңызды әрі игі іске – өтеусіз донорлыққа өз үлестерін қосу үшін облыстық қан орталығына келді

9 сәуірде «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының еріктілері маңызды әрі игі іске – өтеусіз донорлыққа өз үлестерін қосу үшін облыстық қан орталығына келді

Қан донорлығын дамыту стратегиясын іске асыру аясында және Еріктілер жылы
аясында 2026 жылғы 6-20 сәуір аралығында жастар арасында донорлықты
насихаттауға және елдің коғамдық өміріне қатысудың жаңа мәдениетін
қалыптастыруға бағытталған бірлескен республикалық акция өтуде.
Жастар тек қан тапсырып қана қоймай, орталықтың жұмысымен танысып,
донорлық үдерісі және оның адам өмірін сақтап қалудағы маңызы туралы көбірек
білді. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың жауапкершілік танытуға, бейжай қарамауға
және белсенді азаматтық ұстаным көрсетуге дайын екенін көрсетеді.
Донорлық-бұл біреудің өмірін сақтап қалуға болатын қарапайым қадам. Бүгін
еріктілер: жақсылық жасау маңызды және барлығына қол жетімді екенін дәлелдеді.

9 сәуірде қан тапсырудан кейін «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының еріктілері облыстық қан орталығының қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстан-Американдық еркін университетінде жоғары курс студенттеріне арналған таныстыру әңгімесін өткіздіДонорлық бағдаршам

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33