Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында жүкті әйелдерді иммуногематологиялық зерттеу бойынша оқыту семинары өткізілді.
2026 жылғы 28 қаңтарда «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы»
ШЖҚ КМК (ШҚ ОҚО) бастамасымен ұйымдастырған жүкті әйелдерді
иммуногематологиялық зерттеуді жүргізу тәртібі бойынша оқыту семинары өтті.
Іс-шараға 25 маман қатысты, олардың ішінде акушер -гинекологтар,
дәрігер-зертханашылар және Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) амбулаториялық -емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының зертханашылары болды. Семинарды ШҚО Денсаулық сақтау
басқармасының бас акушер-гинекологы Марат Куксегенов ашты.
Семинардың мақсаты – медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ
қатысушыларды жүкті әйелдерді иммуногематологиялық зерттеу
саласындағы заманауи әдістер мен қолжетімді құралдармен таныстыру болды.
Спикер ретінде ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас
трансфузиологы, ШҚ ОҚО директоры Светлана Шмурыгина сөз сөйледі, ол
жүкті әйелдерде иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді атап өтті. Денсаулық сақтау
ұйымдарында иммуногематологиялық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баяндаманы келесі спикер, ШҚ ОҚО қанды тестілеу
бөлімінің меңгерушісі Елена Екимцева баяндады.
Семинар барысында баяндамашылар өзекті тенденциялармен бөлісті, тәжірибедегі типтік қателіктерге назар аударды және алған білімдерін
медициналық ұйымдардың күнделікті жұмысына енгізу бойынша
тәжірибелік ұсыныстар берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар семинардың тәжірибелік
маңыздылығын, материалды ұсынудың қолжетімділігін және өзекті кәсіби
сұрақтарға жауап алу мүмкіндігін атап өтті. Барлық тыңдаушыларға одан әрі жұмыс істеу үшін әдістемелік материалдар берілді.






