Маңызды шешімге қадам: Конституциялық реформаны талқылау
«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында қонақтар ұжымға Қазақстанда 15 наурызда өтетін алдағы референдум туралы ақпарат беріп, жаңа Конституцияны қабылдаудың маңызын түсіндірді және оның негізгі қағидаларына кеңінен тоқталды. Әңгіме заң үстемдігін нығайту, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін арттыру, қоғамдық бақылау тетіктерін кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін күшейту мәселелерін қамтыды. Сонымен қатар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, демократиялық институттарды дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен теңгерімділігін қамтамасыз етуте ерекше назар аударылды. Кездесу барысында ұсынылып отырған өзгерістер елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, құқықтық мемлекетті нығайтуға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Қан орталығының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әрбір азаматтың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуының маңыздылығын талқылауға мүмкіндік алды. Саналы таңдау – Қазақстанның болашағына қосылған үлес екені ерекше атап өтілді. Орталық ұжымы коалиция өкілдеріне ашық диалог пен ұсынылған ақпарат үшін алғыс білдіреді. Кездесу соңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері қажет болған жағдайда кез
келген тұрғынға қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және ақпарат беруге дайын екендіктерін атап өтті. Қосымша ақпарат алу үшін жұмыс күндері мына мекенжайы бойынша хабарласуға болады: Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121.

