Бүгін біз өз ұжымымыздың маржаны – Малендор Гульнар Сағынғанқызын туған күнімен құттықтаймыз!

Бүгін біз өз ұжымымыздың маржаны – Малендор Гульнар Сағынғанқызын туған күнімен құттықтаймыз!


10 жылдан астам уақыт бойы Гульнар Сағынғанқызы біздің облыстық қан
орталығында медициналық тіркеуші ретінде адал және ізгі ниетпен еңбек етуде. Осы уақыт ішінде ол тек әріптес емес, донорларды жинақтау бөлімінің сенімді тірегіне айналып, әрбір донорды жылы жүзбен, қамқорлықпен және үлкен назармен қарсы
алатын ерекше адамға айналды.
Гульнар Сағынғанқызы, сіздің кәсіби шеберлігіңіз, сабырлылығыңыз бен жылы
жүрегіңіз біздің орталығымызға ерекше жан жылулығын береді. Өмірлерді құтқаруға
қосқан күнделікті үлесіңіз, қамқорлығыңыз және шынайылығыңыз үшін шын
жүректен алғыс айтамыз! Әрбір жаңа күніңіз қуанышқа, шабытқа және жарқын
сәттерге толы болсын. Сізге және отбасыңызға денсаулық, бақыт, мейірім мен береке
тілейміз!

Наурыз құрметіне арналған донорлық акция: бірге өмір сыйлайық!Наурыз құтты болсын, достар!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33