«Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК-да бірінші курс студенттеріне қан донорлығына арналған дәріс өтті.
Болашақ медицина қызметкерлері донорлық қанның науқастардың өмірін сақтап
қалудағы маңызы қаншалықты зор екенін бәрінен де жақсы түсінеді. Оқудың
алғашқы кезеңдерінен бастап донорлыққа саналы көзқарас қалыптастыру маңызды,
өйткені дәл солар болашақта тек көмек көрсетіп қана қоймай, әрбір тамшы қан
шешуші рөл атқаратын жағдайлармен күн сайын бетпе-бет келеді.
Кездесу барысында студенттерге өтеусіз донорлықтың маңызы, қан және оның
компоненттерін тапсыру үдерісі қалай өтетіні, сондай-ақ донорлардың денсаулық
сақтау жүйесіндегі орасан зор рөлі туралы айтылды.
Донорлықтың тек медициналық процедура ғана емес, сонымен қатар жоғары
азаматтық жауапкершіліктің, мейірімділіктің және көмекке мұқтаж жандарға қол
ұшын созуға дайын болудың көрінісі екеніне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға
және адам өмірін сақтап қалу сияқты игі іске қатысуға деген ұмтылысын арттыруға
көмектеседі.





