Мейірімді дәстүр – бірлескен нәтиже
Сәуір – тазалық пен тәртіп орнататын дәстүрлі уақыт, ал аумақтарды тазалау –
ұрпақтарды біріктіретін ізгі дәстүр. Осындай басым бағыттардың бірі – көктемгі
жаңару: біз тұратын аулалар мен жұмыс істейтін жерлерге іргелес аумақтарды
көркейту. Көктемде қала таза әрі жайлы күйде енуі тиіс. Бұл іске біздің үлесіміз өте
маңызды, өйткені тек адам ғана өзінің сүйікті қаласына тазалық сыйлай алады.
Әрине, бұл ең алдымен өзімізге қажет.
Қажетті құрал-жабдықтарды алып, облыстық қан орталығының ұжымы
бірлесіп кәсіпорын аумағына шықты. Қызметкерлердің барлығы көтеріңкі көңіл-күймен қоқыс жинап, шөпті тырмалап, гүлзарларды ретке келтіріп, өз учаскелерін
сыпырып, бордюрлерді әктеу жұмыстарын атқарды. Бірнеше сағатқа созылған ортақ еңбектің нәтижесінде аумақ мүлде өзгеріп, айнала тазарып, әрі көріктене түсті.
Бұл іс-шараның басты ерекшелігі – бүкіл ұжымның бірлесе әрі белсенді қатысуы. Себебі аумақты абаттандыру тек тазалық жүргізумен шектелмейді, ол
адамдардың өзара араласуына, көтеріңкі көңіл-күйге және жағымды әсерлерге де ықпал етеді.
Сенбілікке қатысқан барлық әріптестерге алғысымызды білдіреміз!

