Құрметті біздің Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының медбикелері!

Құрметті біздің Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының медбикелері!

Сіздерді медбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер үлкен және
маңызды істің ажырамас бөлігісіздер. Күн сайын, күндіз де, түнде де Сіздер
донорларды мұқият, қамқорлықпен және жылы шыраймен қарсы алып, қан
орталығының табалдырығын аттағандардың барлығына сенімділік ұялатасыздар.
Медициналық бұйымдарды зарарсыздандыру, қан компоненттерін дайындау, өңдеу,
жою, сақтау және беру бойынша маңызды өндірістік процестерді жүзеге асыра
отырып, қан кұюға мұқтаж пациенттердің өмірін сақтауға көмектесесіздер. Сіздердің
кәсібиліктеріңіз, сезімталдықтарыңыз және жауаптылықтарыңыз шабыттандырады!
Сіздер жай ғана медбике емес – донор қанын басқа адамға өмір сүру мүмкіндігіне
айналдыратын нағыз періштесіздер. Сіздерге зор денсаулық, рухани жылулық,
айналадағы адамдардан құрмет пен алғысқа бөленулеріңізді тілейміз. Әр күндеріңіз
жарық пен қуанышқа толы болсын! Мерекелеріңіз кұтты болсын, біздің мейірімді
және риясыз ардақты медбикелеріміз!

Кейде «өмірді сақтау» деген сөздер биік әрі алыс нәрсе сияқты естіледіАдамдарға өмір бойы адал қызмет ету

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33