«Қан донорлығының болашақ елшілері»

«Қан донорлығының болашақ елшілері»

Бүгін «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК халықты донорлыққа
насихаттау жөніндегі маманы, «Қазақстан болашағы үшін» Өскемен жастар қоғамдық бірлестігінің
еріктілер-үйлестірушісі Мира Мустафина Өскемен жоғары медициналық қолледжі жанындағы
«Қызыл Жарты Ай» еріктілер қозғалысының студенттеріне қан донорлығының маңызы туралы
танымдық дәріс өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – еріктілерді қан донорлығының негіздеріне үйрету және алдағы уақытта олардың қан орталығы қызметкерлерімен бірлесіп облыс тұрғындары арасында
ақпараттық-түсіндіру және насихат жұмыстарын жүргізуіне бағыт беру болды. Дәріс барысында
студенттер тұрақты әрі өтеусіз донорлықтың маңызы, кімнің донор бола алатыны, сондай-ақ қан
компоненттерін құюға мұқтаж науқастардың өмірін сақтап қалуда әр адамнын қосатын үлесінің
қаншалықты маңызды екені туралы мәлімет алды.
Кездесу барысында донорлық мәдениетті дамытудағы жастардың рөліне және белсенді
азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Еріктілер тақырыпқа үлкен
қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойып, Шығыс Қазақстан облысындағы донорлық
бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
Іс-шара сонында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы еріктілерді ШҚО-дағы өтеусіз
қан донорлығын колдағаны және колледжде донор күндерін ұйымдастыруға атсалысқаны үшін
алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, «Жаңа адамдар» жастар еріктілер ұйымы
қатысушыларға «Қан тапсыр – батыр бол!» деген жазуы бар естелік білезіктерін табыстады.
Бүгінгі дәрістен кейін студент-еріктілер қан орталығы маманынан алған ақпаратты халық
арасында таратып, облысымызда өтеусіз қан донорлығын дамыту мен насихаттауға өз үлестерін
қоспақ. Осындай игі бастамалардың арқасында донорлықтың маңызы туралы хабардар адамдар
саны артып, көпшілік адам өмірін сақтап қалу сияқты сауапты іске атсалысуға мүмкіндік алады.

Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын дамыту және донорларды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.Құрбан айт қасиетті мерекесі мен Қазақстан полициясы күні қарсаңында Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері донорлық акцияға қатысып, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмек көрсету мақсатында қан тапсырды.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33