Балаларды қорғау күніне орай, 1 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында өңіріміздің жанашыр тұрғындарын біріктірген донорлық акция өтті.

Балаларды қорғау күніне орай, 1 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында өңіріміздің жанашыр тұрғындарын біріктірген донорлық акция өтті.

Іс-шараға қатысушылар қан тапсыру арқылы адам өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосып, жоғары азаматтық жауапкершілік пен мейірімділіктің үлгісін көрсетті.
Қалаларда мерекелік іс-шаралар өтіп, балалардың шат күлкісі естіліп, оларға сыйлықтар табысталып жатқан сәттің өзінде, аурухана палаталарында өмір үшін күресін жалғастырып жатқан кішкентай науқастар бар. Олардың көпшілігі үшін донорлық қан – сауығуға деген жалғыз үміт.
Бүгін шығысқазақстандықтар осы балаларға ең қымбат сыйлық – өмір сүруге мүмкіндік сыйлады. Әрбір донация баланың қажетті ем алуына, ауыр операциядан кейін қалпына келуіне, ауруды жеңуіне және жүзінен күлкі кетпеуіне ықпал етеді.
Балалардың өмірін сақтап қалу үшін уақытын бөліп, қан тапсыруға келген барлық донорларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жасаған жақсылықтарыңызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мүмкін, бүгін тапсырған қаныңыз бір баланың сауығып кетуіне себеп болған шығар. Мейірімдеріңіз бен игі істеріңіз үшін алғысымыз шексіз!
#БалалардыҚорғауКүні #1Маусым #БалаларБіздіңБолашағымыз #ШҚО #ҚанОрталығы

Алақай! 12 маусымда біз донорларымызбен бірге Дүннежүзілік қан доноры күнін атап өтеміз!Құрметті донорлар!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33