9 маусым күні Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Татьяна Николаевна Войнова «ALTAI» телеарнасындағы «Алтай таңы» бағдарламасына қатысты
Эфир барысында қан және оның компоненттері донорлығына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Көрермендерге заманауи медицинаның қарқынды дамуына қарамастан, донорлық қанның неге әлі күнге дейін алмастырылмайтын өмірлік маңызды ресурс болып қала беретіні, бір донацияның қанша адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретіні, сондай-ақ ерікті өтеусіз донорлықтың денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызы туралы айтылды.
Адам өмірін сақтауға жанашырлықпен үлес қосып жүрген кең жүректі жандардың мерекесі – Дүниежүзілік қан доноры күніне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына алдағы донорлық акция туралы еске салынды. Аталған акция осы жұмада, 12 маусым күні, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында өтеді.
Донорлық қозғалыстың маңыздылығы туралы айтуға және қан донорлығы мәселелеріне қоғам назарын аударуға мүмкіндік бергені үшін «ALTAI» телеарнасына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Өңірдің барлық бейжай қарамайтын тұрғындарын донорлық қозғалысқа қосылуға шақырамыз. Мүмкін, дәл сіздің донацияңыз бір күні біреуге сауығуға, үміт пен өмірге жол ашар!


