Жыл сайын 28 шілдеде вирустық гепатиттер, олардың алдын алу шаралары, уақтылы диагностикалау мен емдеудің маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында құрылған Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі.

Жыл сайын 28 шілдеде вирустық гепатиттер, олардың алдын алу шаралары, уақтылы диагностикалау мен емдеудің маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында құрылған Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі.

Донорлық қанның жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қан қызметі қызметінің басым
бағыттарының бірі болып табылады.
Донорлық қан және оның компоненттері күн сайын шұғыл медициналық көмек
көрсету, күрделі хирургиялық операциялар жүргізу, онкологиялық, гематологиялық және
басқа да ауруларды емдеуде қолданылады. Донорлар мен реципиенттердің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін әрбір донация міндетті медициналық тексеруден және қан арқылы
берілетін жұқпаларға, оның ішінде В және С вирустық гепатиттеріне зертханалық
тестілеуден өтеді. «Донорды медициналық тексеру қағидаларын, қан мен оның
компоненттерін донорлыққа қарсы көрсетілімдерді бекіту туралы» бұйрықтың
талаптарына сәйкес В және С вирустық гепатиттерінің болуы қан мен оның
компоненттерін донорлыққа қарсы көрсетілімдерге жатады. В және С вирустық
гепатитімен ауырған адамдар, сондай-ақ осы жұқпалардың маркерлері анықталған
тұлғалар қан мен оның компоненттерін донорлауға жіберілмейді. А вирустық гепатиті
созылмалы жұқпаларға жатпайды және толық сауығып кеткеннен кейін, медициналық
қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда және белгіленген уақытша шеттету мерзімдері
сақталған кезде, донор донорлыққа жіберілуі мүмкін.
Донор нені білуі маңызды?
Қан донорлығы – қауіпсіз рәсім болып табылады және тек бір рет қолданылатын
зарарсыздандырылған шығыс материалдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Әрбір донация алдында донор денсаулық жағдайы туралы сауалнама толтырады,
зертханалық тексеруден өтеді және медициналық қарап-тексеруден өтеді.
Заманауи зертханалық диагностика әдістері жұқпалық ауруларды ерте сатыларда
анықтауға мүмкіндік береді.
Өткен аурулар мен қауіп факторлары туралы шынайы ақпарат беру қан
компоненттерінің қан құюды қажет ететін пациенттер үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
ықпал етеді.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және тұрақты тексеруден өту халық
денсаулығын сақтаудың және донорлықтың қауіпсіздігін арттырудың маңызды шарттары
болып табылады.
Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні вирустық гепатиттердің алдын алу, уақтылы
медициналық көмекке жүгіну және жауапты донорлық қағидаларын сақтау қажеттігін
еске салады. Қан тапсыра отырып, донор өмірді құтқаруға көмектеседі, ал қауіпсіздік
талаптарын сақтау донорлықты әрбір пациент үшін барынша тиімді әрі қауіпсіз етуге
мүмкіндік береді.

Бұл — донорлық туралы ең жиі кездесетін жаңсақ пікірлердің бірі(RU) Дорогие наши любимые доноры!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33