Донорлардың кері байланысы – ШҚОҚО дамуының негізі
Құрметті донорлар!
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы (ШҚОҚО) көрсетілетін қызметтердің
сапасын арттыру, әрбір донор үшін қолайлы жағдай жасау және қауіпсіз ортаны
қамтамасыз ету бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.
Біз үшін қан орталығына келетін әрбір адамның пікірі маңызды. Сіздердің
пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз бен тілектеріңіз жұмысымызды жетілдіруге, үдерістерді
ұйымдастыруды жақсартуға және донорлар үшін одан да қолайлы жағдайлар жасауға
көмектеседі.
«Қолжетімді бас дәрігер» платформасы арқылы WhatsApp мессенджері бойынша
+7 (771) 051-99-02 нөміріне өз сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді
жолдай аласыз. ШҚОҚО директоры Шмурыгина Светлана Александровна келіп түскен
өтініштерді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін қарауға дайын.
ШҚОҚО-да Донорларды қолдау және ішкі бақылау қызметі (ДҚ ж ІБҚ) жұмыс
істейді. Оның негізгі міндеті – донорлардың құқықтарын қорғау және сапалы әрі қауіпсіз
медициналық қызметтердің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету.
ДҚ ж ІБҚ-не өзіңізге ыңғайлы тәсілмен хабарласуға болады:
1. Мамандар кабинеттерінің есіктерінде орналастырылған QR-код арқылы -смартфон камерасын QR-кодқа бағыттап, бірден өтініш жолдауға болады.
2. Телефон арқылы: +7 (771) 051-04-56, +7 (7232) 70-42-22.
3. № 232 кабинетке келіп, ДҚ ж ІБҚ басшысына жеке жүгінуге болады.
4. ДҚ ж ІБҚ жауапты мамандарына немесе ШҚОҚО қызметкеріне донацияға дейін,
донация кезінде және донациядан кейінгі кез келген кезеңде жүгінуге болады.
5. Қан орталығының холдарында орналасқан өтініш жәшіктері арқылы жазбаша
өтініш жолдауға немесе мына мекенжайға жіберуге болады: 070016, Өскемен
қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11.
6. Электрондық пошта арқылы: centr-krovi@med.mail.kz мекенжайына, сондай-ақ
2ГИС сервистері, «Е-өтініш» платформасы және ӘМСҚ CRM call-орталығы
арқылы өтініш жолдауға болады.
Сонымен қатар, ДҚ ж ІБҚ мамандары қан орталығы жұмысының сапасын бағалау
мақсатында ай сайын донорларға сауалнама жүргізеді. Донорлар өз пікірлерін келесі
бағыттар бойынша білдіре алады:
•ШҚОҚО қызметіне қанағаттану деңгейі;
•Донорларды қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысына қанағаттану деңгейі;
• ШҚОҚО-ның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларының жұмысына
қанағаттану деңгейі.
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ұжымы әрбір донордың орталықта
болған барлық кезеңінде өзіне көңіл бөлініп, қамқорлық пен қолдау көрсетілетінін сезінуі
үшін бар күш-жігерін салуда.
Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз жетілдіруді қажет ететін бағыттарды
анықтауға, жұмысты ұйымдастыруды жетілдіруге және донорлар үшін барынша қолайлы
жағдайлар жасауға көмектеседі.
Барлық өтініштер объективті әрі ашық түрде заңнамада белгіленген мерзімдерде
қаралып, нәтижелері туралы кейіннен ақпарат беріледі.
Сіздерге көрсеткен сенімдеріңіз, белсенді қатысуларыңыз және донорлық
қозғалысты дамытуға қосып жүрген баға жетпес үлестеріңіз үшін алғысымызды
білдіреміз!


