«Мектепке жол»
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында облыстық қан орталығының
ұжымы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау қызметкерлерінің «Aqniet»
кәсіподағымен бірлесіп, игі дәстүр бойынша биыл бірінші сыныпқа баратын
балалары бар қан орталығы қызметкерлерін мерекелік жағдайда құттықтады.
Бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге мектепке қажетті құрал-жабдықтардың
толық жиынтығынан тұратын сыйлықтар табысталды. Балалар жылы лебіздерге, ең
бастысы, пайдалы сыйлықтарға шын жүректен қуанды.
Қымбатты бірінші сынып оқушылары! Сіздерді мектеп өміріне қадам
басуларыңызбен құттықтаймыз! Мектептегі алғашқы Білім күні сіздердің
естеріңізде жарқын естелік болып қалсын! Алдарыңызда оқу үдерісінің басталуы,
қызықты пәндерді меңгеру және мектептегі түрлі іс-шараларға белсенді қатысу
кезеңі күтіп тұр! Сіздерге жаңа достар тауып, қызықты оқиғаларға толы сәттерді
бастан өткеріп, үздік бағаларға қол жеткізулеріңізді және шығармашылық
табыстарға жетулеріңізді тілейміз! Ата-аналарыңыз сіздермен әрдайым мақтанып,
жетістіктеріңізге бірге қуансын!


