Бауырыңа өмір сыйла
Күндердiң ең ұлығы – жұма. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді. Мұсылмандар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешіттер-де жиналады, үгіт-насихат, уағыз тыңдап, жұма намазын оқиды. Қасиетті хадисте: «Сенбі яһудилерге, жексенбі-христиандарға, жұма-мұсылмандарға беріледі. Бұл күні мұсылмандарға молшылық, барлық игіліктер, барлық жақсылықтар жіберіледі» деген екен.
Мүмкіндігінше адам баласы қасиетті жұма күні қайырымды істер жасауға асығуы керек: садақа беріңіз, жақындарыңызды қуантыңыз, туыстарға, әсіресе ата-анаңызға барыңыз, көмекке мұқтаж науқастарға қол ұшын созып көмек беріңіз, жақындарыңыздың қабірлеріне барып әруақтарға бағыштап құран оқыңыз, өзіңізге және қонақтарға арнап дәмді тағам дайындаңыз, ең бастысы сауапты істер жасаңыз.
Осындай қасиетті күні 2021 жылдың 18 – інші маусымында ШҚО «Халифа Алтай» мешітінде @halifa_altay «Бауырыңа өмір сыйла!» атты ұранмен Донор күні, қайырымдылық акция өтті. Акцияның мақсаты-Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмек көрсету.
Бұл күні таңертең мешітке келген жамағат ерікті түрде, өтеусіз қан тапсырып, мейірімділік танытты. Мейірімділік-исламның негізі болып табылатын негіз. Ислам діні адамға мейірімділік, тәрбиелік, моральдық құндылықтарға аса бай дін болып саналады.
Осындай қасиетті күні қан тапсырған жандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Мұсылман үшін Құдіретті Алланың рақымынан жоғары сыйақы болуы мүмкін емес. Алла тағала сізге және сіздің жақындарыңызға денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық сыйласын!