Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

2023 жылдың 19 қыркүйегінде облыстық қан орталығының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында комплаенс-офицер Гүлім Дюсупова қан орталығының қызметкерлерін 2022 жылдан бері қолданылып келе жатқан І деңгейлі құжатпен таныстырды. Ол өз баяндамасында:

– құжаттың мақсаты және жалпы ережелер;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсат пен міндеттер;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары;
– ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары және оны орындау жөніндегі міндеттемелер;
– сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешені;
– үшінші тұлғаларды тарту және үшінші тұлғаларға төлемдерді жүзеге асыру;
– саяси қызметке қатысу;
– демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету;
– персоналды басқару;
– сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар.

Дюсупова Гүлім қазіргі уақытта біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және осы бағыттағы азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге көп көңіл бөлінетінін атап өтті.

Сөз соныңда Гүлім Дюсупова семинар қатысушыларына егер қан орталығының лауазымды адамы немесе қызметкері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы орын алса, бұл туралы ШҚ ОҚО комплаенс – офицеріне және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға 1424 Call-орталығына дереу хабарлау қажет екендігін айтты.

«Дені сау денеде – дені сау рух!» атты ұранмен донорлық акцияҚайырымдылық-бұл адамға ғана тән таңғажайып қасиет!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33