Донорды қолдау қызметі

Құрметті ДОНОРЛАР!

Біздің орталықта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына

сәйкес донорды қолдау және ішкі бақылау қызметі құрылды.

Егер СІЗ медициналық қызмет көрсету тәртібі мен сапасына байланысты күрделі мәселелерге тап болсаңыз, донорды қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуге құқығыңыз бар.

Донорды қолдау және ішкі бақылау қызметіне  төменде көрсетілген әдістердің бірімен хабарласуға болады:

  1. 704222, 8-777-0510456 телефон нөмірлері арқылы
  2. № 232 кабинеттегі Қызмет мамандарына
  3. қан орталығының 1, 2 және 3 қабаттарының холдарында орналасқан өтініш жәшіктеріне атыңыз, тегіңіз және байланыс деректеріңіз (телефон, мекенжай) көрсетілген жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз
  4. қан орталығының Интернет-қабылдау бөліміндегі www.vkock.kz сайтында хабарлама қалдыруыңызға болады

Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиялық түрде қаралатын болады.

Донорды қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді ҚР 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік-процестік Кодексінде (2024 жылғы 05 сәуір жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) белгіленген мерзімде қарайды және Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.

Сі

Донорды қолдау және ішкі бақылау қызметі келесі бағыттар бойынша медициналық қызметтердің сапасын басқару жөніндегі ұйымның қызметін үйлестіретін құрылым болып табылады:

донорлардың мәселелерін (шағымдарын) олардың пайда болуына қарай және оңтайлы мерзімде, донорлардың қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, сол жерде шешу;

ұйым қызметінің сапалық көрсеткіштерін әзірлеу және талдау;

ұйымның кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарының жай-күйі мен оларды пайдалану тиімділігін бағалау;

медициналық қызмет көрсету технологиясының денсаулық сақтау ұйымдарында белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау;

жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Қызмет құрамы:

  1. Төрайымы: Матаева Г.У. – донорды қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы
  2.  Сапа және сәйкессіздіктерді бақылау жөніндегі сарапшы: Зубова О.Б. – СББ меңгерушісі
  3.  Сапа бойынша сарапшы / хатшы: Самархан Г.Қ. – дәрігер -әдіскер
  4. инфекциялық бақылау жөніндегі сарапшы: Азтаева С.М. – эпидемиолог
  5.  Орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын бақылау жөніндегі сарапшы :Булгакова Н.В. – бас медициналық бике
  6.  зертханалық іс жөніндегі  сарапшылар: Екимцева Е.А. – ҚТБ меңгерушісі, Павлицкая С.В.- СББ зертханасының маманы

 

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33