«Сенің өмірің – сенің таңдауың!»

«Сенің өмірің – сенің таңдауың!»

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

2023 жылғы 01 желтоқсанда сағат 8.30-дан 13.00-ға дейін Көкжал Барақ көшесі, 11 мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – да, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Сенің өмірің-сенің таңдауың!» атты ұранмен Донорлық акция өтеді.

Өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын барлық адамдарды осы акцияға қатысуға және қан тапсыруға шақырамыз!

Естеріңізге сала кетейік, барлық донорлар қан донациясынан кейін (келесі күні) зертханалық (В, С, АИТВ, қан тобы, гемоглобин деңгейі, АЛТ) зерттеулердің нәтижелері туралы ресми анықтама ала алады.

Қан тапсырғаннан кейін донорларға 2 демалыс күніне анықтама, 1000 тг және гематоген беріледі.

Біз өтеусіз донорлар қатарына қосылғысы келетін барлық ниет білдірушілерді қарсы алуға қуаныштымыз!

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет!

Достар, қан тапсыруға достарыңызды, таныстарыңызды және әріптестеріңізді шақыруды ұмытпаңыздар!!

донорлық күні ШҚО ҚАЖДШҚО қан орталығының ұжымы қызметкер Зайцева Елена Викторовнаны мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33