Донорларды қолдау үшін

Донорларды қолдау үшін

Құрметті донорлар, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) өзінің күнделікті қызметінде халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын үздіксіз жақсартуды жоғары басымдыққа қояды. Медициналық қызметтердің сапасын жақсарту донорларды қабылдауда, қан дайындауда ғана емес, сонымен қатар жайлы орта мен қауіпсіз орта құруда да қамтамасыз етіледі.  Осы мақсатта ШҚ ОҚО-да іс-шаралардың тұтас кешені іске асырылуда.

«Қолжетімді бас дәрігер» платформасында WhatsApp +7 (771) 051 99 02 нөмірі бойынша Сіздер өз хабарламаларыңызды қан орталығының жұмысы бойынша пікірлерлеріңізді, ұсыныстар мен тілектерді  жібере аласыздар. ШҚ ОҚО директоры Шмурыгина Светлана Александровна сіздердің өтініштеріңізге жұмыс күндері сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін жауап беруге дайын. Сіздердің өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды. Диалог пен кері байланыс құру халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға көмектеседі.

ШҚ ОҚО-да 2009 жылдан бастап донорды қолдау және ішкі бақылау қызметі (бұдан әрі-ДҚ және ІБҚ) жұмыс істейді. ДҚ және ІБҚ міндеті донордың (пациенттің) уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық қызметтер алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Егер сіз біздің қан орталығымызда медициналық қызмет көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты мәселелерге тап болсаңыз, онда сіз ДҚ және ІБҚ –не келесі әдістердің бірімен жүгіне аласыз:

1) 87710510456 немесе 87232704222 телефондары бойынша;

2) ДҚ және ІБҚ мамандарына жеке   № 232 кабинетке;

3)Сіз атыңызды, тегіңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, қан орталығының 1, 2 және 3 қабаттарының холлында орналасқан өтініш жәшіктерінде өз жазбаша өтінішіңізді қалдырыңыз немесе индексі 070016, Өскемен қ., Көкжал Барақ к-сі 11 мекенжайына пошта арқылы жіберіңіз.

Құрметті донорлар, сондай-ақ сіздер өз өтініштеріңізді кәсіпорынның centr-krovi@med.mail kzэлектрондық мекенжайына жібере аласыз , 2 ГИС, азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу платформалары (Е-отыніш, ФОМС “CRM” all-centr).

Объективтілік пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиямен қаралатын болады.  Өтініштер заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралады, кейіннен сізге шешімнің нәтижелері туралы хабарланады.

Сіздерді қызықтыратын жалпы сипаттағы сұрақтарды (донорлық және т. б. туралы) қан орталығының сайтында қоюға болады: www.vkock.kz Интернет-қабылдау бөлімінде немесе әлеуметтік желілердегі қан орталығының аккаунттары арқылы

Донор күні№14 хабарландыру БҰС

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33