AlphaMedGroup
Ең үздік дәрігерден ем алғыңыз келеді, алайда сіздің облысыңызда ондай дәрігер жоқ па? Немесе демалысты денсаулықты қалпына келтіру үшін қолданғыңыз келе ме?
Сонымен, егер сіздің сұрағыңызға жауап иә болса, онда Сізге медициналық туризм қажет.
Медициналық туризм-бұл мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін азаматтардың басқа қалаға немесе елге сапары. Бұл емдеу, сауықтыру және туристік бағдарламаларды біріктірудің тамаша мүмкіндігі. Медициналық емдеу (сауықтыру) туризмі бағдарламасы бойынша Қазақстанның кез келген облысына бара аласыз.
Біздің жаңа серіктес AlphaMedGroup дәл осы бағытта жұмыс істейді. Науқастардың Қазақстанның үздік клиникалары мен санаторийлерінде тексеруден өтуіне, ем алуына AlphaMedGroup – тың ықпалы зор.
AlphaMedGroup міндеті-Қазақстанда емделу үдерісін барынша жайлы ету және клиенттердің күткенінен де асып түсу.
ALPHAMEDGROUP директоры Кривец Кристина Сергеевнаға ШҚО-да өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Сізге және сіздің командаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге таусылмас табыстар, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілейміз. Компанияңыздың өркендеуіне тілектеспіз!