Донор болу – ар мен мейірімнің ісі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментінде жыл сайынғы дәстүрлі қан тапсыру акциясы өтті. Ведомство қызметкерлері қан компоненттерін қажет ететін науқастарға көмек көрсету мақсатында қан тапсырды. Бұл – жай ғана игі ниет емес, бұл – шынайы көмек, өмірді сақтап қалудың нақты жолы. Әрбір донор – біреудің үміті, сауығуға деген сенімі, қиын сәттегі тірегі. […]