Донорлық және Ораза
Берекелі Рамазан айында мейірімділік, жанашырлық пен көмек көрсету ерекше маңызды екенін айқын сезесіз. Осы уақытта әрбір ізгі іс ерекше мәнге ие болады. Осындай істердің бірі – қан донорлығы – тыныш, бірақ баға жетпес көмек, ол күн сайын науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Көптеген діни сенушілерді мынадай сұрақ толғандырады: ораза ұстап тұрып қан тапсыруға бола […]
“Алғыс айтамын!” айдары
Бүгін ШҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Өскемен қаласының медициналық ұйымдарының басшылары өтеусіз донорлар қатарына қосылу үшін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына келді.
Сапардың мақсаты-ақпан айында бүкіл Қазақстан бойынша өтетін жалпыреспубликалық акция шеңберінде ерікті және өтеусіз донорлық бастамасын қолдау. Медициналық қоғамдастық өкілдерінің қатысуы бірліктің, кәсіби ынтымақтастықтың және жоғары әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды символына айналды. Өз еркімен және ақысыз қан тапсыру арқылы медицина өкілдері адамгершілік құндылықтарға берілгендіктерін көрсетеді және аймақтағы донорлық қозғалыстың дамуын қолдайды. Ерікті өтеусіз қан донорлығы айы халықтың […]
Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасынан кейін игі бастаманы «Ана мен бала орталығының» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлері жалғастырып, өз мекемесінде донорлық күн ұйымдастырды
Дәл осы жерде донорлық қанның қаншалықты маңызды екені ерекше сезіледі. Бұл аурухананың қызметкерлері күн сайын баласына шұғыл көмек қажет болған ата-аналардың жанарындағы мұң мен алаңдаушылықты көреді. Дәл осы жерде жаңа өмір дүниеге келеді — сәбидің алғашқы үні естіледі. Осындай сәтте тек қуаныш қана болуы тиіс сияқты… Алайда кей жағдайларда дәл осы Ана мен бала орталығының […]
Қайырымдылық эстафетасы жалғасуда
Өскемен жоғары медициналық колледжінен кейін қайырымдылық эстафетасын белсенді жастардың тағы бір тобы жалғастырды. С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жастар орталығының студенттері облыстық қан орталығына келді. 12 ақпанда олар жай қонақ болып қана келген жоқ – өмір үшін, бүгін көмекке аса мұқтаж адамдарға қол ұшын беру мақсатында қан тапсыруға келді. Бұл жастардың жүрегінде үлкен жауапкершілік сезімі, шын жүректен […]
Біздің донорымыз- Рахимов Бауыржан Ержанұлының туған күні!
Шын жүректен осы жарқын әрі маңызды күніңізбен құттықтаймыз! Мейірімді жүрегіңіз, жанашырлығыңыз және әрдайым көмек қолын созуға дайын екеніңіз үшін алғысымыз шексіз. Жасаған жақсылығыңыз өзіңізге еселеп қайтып, әр күніңіз қуанышқа, денсаулық пен берекеге толы болсын! Донорлық – бұл жай ғана игі іс емес, ол адам өмірін сақтап, ең көп мұқтаж жандарға үміт сыйлайтын нағыз ерлік. Сізге […]
Бүгін Облыстық қан орталығы Өскемен жоғары медициналық колледжінің болашақ зертханашылары, фельдшерлері және стоматологтары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Бүгін Облыстық қан орталығы Өскемен жоғары медициналық колледжінің болашақ зертханашылары, фельдшерлері және стоматологтары үшін танымдық экскурсия ұйымдастырды. Студенттер донорлық жолдың барлық кезеңінен өтіп, қан орталығының ішкі көрінісін көрді: оның жұмысымен танысып, қан алу процесін бақылады, сондай-ақ қанды талдау бөлімінің меңгерушісіне қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Экскурсия құнды әрі пайдалы болды -болашақ дәрігерлер тәжірибе жүзінде […]
Өмірді құтқару – болашақ дәрігерлердің асыл міндеті.
Республика көлемінде өткізілген ерікті, ақысыз донорлық айы шеңберінде «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да Өскемен жоғары медициналық колледжінің студенттері мен оқытушыларының қатысуымен донорлық күндер өтті. Қызыл Жарты Ай қоғамының Шығыс Қазақстан филиалының еріктілері болып табылатын болашақ медицина қызметкерлері 2026 жылғы 9 және 10 ақпанда қан орталығына өмірді сақтау ісіне өз үлестерін қосты. Шамамен 50-ге […]
(RU) С днём рождения @svetlana_09021968 !
Извините, этот техт доступен только в “Орыс Тілі”.

