Author Posts

04 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында мейірімді жүректі, жауапкершілігі жоғары жандарды біріктірген Донорлық күн өтті.

Бұл күні қан тапсыруға хирургтер, медбикелер, анестезиологтар, кардиологтар, офтальмологтар, оториноларингологтар бір сөзбен айтқанда, облыстық аурухананың барлық медициналық қызметкерлері қатысты. Ақ халатты абзал жандар өз миссиясының тек операциялық бөлмелер мен палаталарда ғана емес, жеке үлгісі арқылы да адам өмірін сақтап қалу екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әсіресе дәрігерлерге бастаманы қолдап, ортақ іске өз үлесін қосу үшін […]

«Алғыс» айдары

Кейде ең құндысы — көп сөз емес, шын жүректен шыққан «рахмет». Біз «Алғыс» айдарын ашамыз. Бұл айдарда әрбір адам қан донорларына және Қан орталығының қызметкерлеріне өз алғысын білдіре алады — күн сайын үміт сыйлап, өмірді сақтап, қолдау көрсетіп жүрген жандарға. Егер сіз немесе жақындарыңыз бір кездері көмек алған болса, біреудің қаны өмірді сақтап қалса, ал […]

2026 жылғы ақпан айы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Ерікті өтеусіз қан донорлығы айы деп жарияланды.

Аталған акция Мемлекет басшысының қоғамда жауапкершілік, өзара көмек және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары аясында, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау мақсатында өткізіледі. Әрбір донор — адам өмірін сақтап қалуға қосылған нақты үлес және азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Қан хилезі және оның себептері

Донорлардың жиі қоятын сұрағы:«Хилез дегеніміз не?». Хилез-бұл қалыпты жағдайда және патологияда пайда болатын дененің ерекше жағдайы. Ол липидтер (майлар) метаболизмінің бұзылуымен сипатталады. Әдетте, центрифугалаудан кейін түтіктегі қан екі бөлікке бөлінеді жоғарғы жағында мөлдір сарғыш сарысу қалады, ал төменгі жағында қою қызыл түсті пішінді элементтер тұнбаға түседі. Центрифугалаудан кейінгі «Майлы» қан ақ және өте қалың болады, […]

Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары мен сүйікті Өскемен қаласының қонақтары!

Қазақстанда 2026 жылдың ақпан айы ерікті әрі өтеусіз қан донорлығы айы болып жарияланғанын сіздерге бұған дейін хабарлаған едік. Осы бастаманы қолдау аясында Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығы серіктесіміз «Terry Coffee» кофейнясымен бірге донорларға арналған дәмді де игі акцияны бастайды. 9–27 ақпан аралығында (қоса алғанда) біздің Қан орталығында қан немесе оның компоненттерін тапсырған әрбір донор «Terry […]

Шын жүректен біздің тұрақты донорымыз Бейсенбина Зарина Нұрланқызын туған күнімен құттықтаймыз!

Сізге мықты денсаулық, мол бақыт, отбасылық береке мен амандық тілейміз. Өміріңізде өзіңіз өзгелерге сыйлап жүрген жылу мен қамқорлықтай шуақ пен жақсылық әрдайым мол болсын. Адам өмірін сақтауға қосып жүрген өлшеусіз үлесіңіз, кең жүрегіңіз бен жанашырлығыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Әр күніңіз қуанышқа, құрмет пен ризашылыққа толы болсын!

Скрининг – сырқаттанбай тұрып, денсаулық жағдайын тексеру. Ол ауруды ерте кезеңде анықтауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.

Скринингтен өту үшін жеке куәлігіңізбен тіркелген емханаңызға бару керек. Сондай-ақ, емхананың тіркеу бөлімі, call-орталық немесе мобильді қосымшасы арқылы алдын ала жазылуға болады. Көп жағдайда дәрігерлер пациенттерді тізім бойынша өздері шақырады. Айта кетерлігі, қазір онкологиялық скринингтер МӘМС жүйесіндегі мәртебенің бар-жоғына қарамастан, барлық азаматтарға қолжетімді. Денсаулығыңызды қорғаңыз – скринингтен уақытылы өтіңіз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33