Author Posts

Егер сіз ресми түрде жұмыс істемесеңіз және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, мәртебені бір жылға қалай ала аласыз?

Бұрын жүйеде «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 айға жарналар толық төленсе ғана берілетін. Осы кезеңде тіпті бір айға жарна төленбесе, қарыз пайда болып, оны өтеуге тура келетін. Ал қазір МӘМС (@msqory_shqo) туралы заңға енгізілген өзгерістерге (05.09.2022 ж.) сәйкес, өткен жылдың қарызын өтемей-ақ, алдағы бір жылға сақтандырылу мәртебесін алуға болады. 📌 Ол үшін келесі 12 айға жарналарды […]

Бүгін Облыстық қан орталығына Аяз ата мен Ақшақар қонаққа келді.

Қысқы қонағымыз өз сапарымен қызметкерлер мен донорларды қуанта қана қоймай, өзі де қан тапсырып, Ақшақарға мейірімділік пен адамгершіліктің, бүгін көмекке мұқтаж жандарға қамқор болудың жарқын үлгісін көрсетті. Алайда жаңа жылдық ғажайып күндерді тек ертегі кейіпкерлері ғана емес, әрқайсымыз да жасай аламыз. Құрметті шығысқазақстандықтар! Сіздерді 2025 жылы өтетін мерекелік донорлық акциямызға қатысуға шақырамыз! Күні: 30 желтоқсан […]

Құрметті донорымыз әрі дәрігеріміз Қайрақбаева Гаухар Қапбасқызына туған күнімен шын жүректен құттықтауымызды білдіреміз!

Гаухар Қапбасқызы өз ісінің нағыз кәсіби маманы әрі жүрегі кең жан. Ол күн сайын донорларды қабылдап, оларға ерекше камқорлық пен ілтипат танытып, сенім мен тыныштыққа толы орта қалыптастырады. Ең бастысы – Гаухар Қапбасқызы өзі де қан доноры болып табылады. Ол өз ісімен өзгелерге үлгі көрсетіп, қан компоненттері өмір үшін аса қажет науқастарға нақты көмек көрсетіп […]

24 Желтоқсанда «Гидросталь» ЖШС – де донорлық күн өтті, бұл оқиға компания қызметкерлерін бір маңызды мақсат үшін біріктірді: өмірді құтқару!

Қан тапсыруға келгендердің бәрі бүгінде денсаулығы үшін күресіп жүргендер үшін нағыз қаһарманға айналды. Осы күні «Гидросталь» ұжымы мейірімділік пен бір-біріне қамқорлық көрсету компанияның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі екенін тағы да көрсетті. Кәсіпорын қызметкерлері тек белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетіп қана қоймай, науқастарға үміт сыйлады. Өйткені әрбір берілген қан тамшысы біреудің өмірін сақтап, қуаныш пен болашаққа мүмкіндік […]

Донорлық акция – Аяз атаның қан фабрикасы!

Барлық Шығыс Қазақстан тұрғындарын Жаңа жылдық донорлық акцияға шақырамыз! Жылдың ең сиқырлы сәтінде, 30 желтоқсанда, Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында әркім ең мұқтаж адамдар үшін шынайы Аяз ата болу мүмкіндігіне ие. Кім болса да өмір үшін күресіп жатқан адамдарға жақсылық пен үміт сыйлап, қан тапсыра алады. Бұл күні сіздерді серіктестеріміздің сыйлықтары мен мерекелік дастархан күтеді, […]

Касаинова Шынар Даулетхановна – өз қызметіне адалдығы, жауапкершілігі және үздіксіз дамуға деген талпынысы үлгі боларлық адам.

 Өз кәсіби жолын ол 2000 жылдың мамыр айында фармацевтикалық өнім шығару цехындағы медбике көмекшісі лауазымынан бастады. Жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап ол еңбекқорлығы, жоғары орындаушылығы және жаңа бағыттарды меңгеруге дайындығымен көзге түсіп, қиындықтар мен жауапкершіліктен қорықпады. Облыстық қан орталығында жұмыс істеген жылдары Шынар Даулетхановна кәсіби жолында елеулі тәжірибе жинақтап, санитар, автоклав аппаратшысы, қойма меңгерушісі лауазымдарында […]

Келесі ведомстволық «ШҚ ОҚО-ның Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған қызметкеріміз – Ережепова Гаухар Газизовна, «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-ның (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) бас экономисі.

Ережепова Гаухар Газизовна – жоғары білікті маман, өз ісіне адалдығымен үлгі бола білген, көпжылдық еңбегі терең құрметке әбден лайық. 1990 жылы Гаухар Газизовна Қарағанды кооперативтік институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Күршім аудандық Аудандық ТҚ-да бас бухгалтердің орынбасары қызметінен бастап, кәсіби жолының берік негізін қалады. 2000 жылы Гаухар Газизовна […]

Биыл Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ведомстволық «Құрметті қызметкер» төсбелгісіне үш қызметкер ие болды.

«Құрметті қызметкер» төсбелгісі ШҚОҚО директоры Жититаев Хайрулла Тукановичтің 2015 жылғы 24 тамыздағы бұйрығымен бекітілген және ол қызметтік міндеттерді үлгілі орындау, жоғары кәсіби шеберлік және Қан орталығы жүйесінде 25 жыл мінсіз қызмет үшін беріледі. Бұл марапат тек бір ерекшелік белгісі ғана емес, ұзақ жылғы еңбекке, мамандыққа адалдыққа және адамдарға шын жүректен қызмет етуге берілген лайықты мойындау […]

2015 жылғы 24 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығының директоры Жигитаев Хайрулла Тукановичтің бұйрығымен «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының құрметті қызметкері» (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) ведомстволық төсбелгісі құрылды.

Бұл белгі өзінің кәсіби өмірін ШҚ ОҚО қан қызметіне арнаған қызметкерлердің еңбегін терең құрметтеу мен мойындаудың символы болып табылады. Төсбелгі кәсіпорын қызметкерлеріне олардың қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, жоғары кәсіби шеберлігі және ШҚО ОҚО-да кемінде 25 жыл бойғы адал еңбегі үшін беріледі. Марапаттау Құрмет грамотасымен, сондай-ақ біржолғы ақшалай көтермелеумен қоса беріледі. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облыстық […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33