Author Posts

2025 жылғы 28 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында (ШҚ ОҚО) трансфузиологияның өзекті мәселелеріне арналған облыстық конференция өтті. Гибридті форматта ұйымдастырылған  іс-шараға өңірдің өндірістік және клиникалық трансфузиология мамандары қатысты.

Қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қан қызметі бойынша есеп беріп, саланың негізгі проблемалық мәселелерін атап өтті. ШҚ ОҚО қызметкерлері трансфузиолог-дәрігер Дархан Умырзаков пен қан сынау бөлімінің меңгерушісі Елена Екимцева тромбоциттерді жеке іріктеу бойынша облыстық қан орталығының тәжірибесімен бөлісіп, трансфузияға дейінгі сынақтар кезеңінде үйлесімсіздік анықталған кезде медициналық […]

Емдейтін жанашырлық!

28 қараша – Дүниежүзілік жанашырлық күні – біз бөлісе алатын ең құнды нәрсе – қамқорлық пен көңіл бөлу екенін еске салатын күн. Адамзаттың ең шынайы көріністерінің бірі  қан донорлығы- адам өз қаны кімге бұйыратынын білмей-ақ, мүлде бейтаныс біреудің өмірін сақтау үшін өзінен бір бөлігін бөліседі. Бұл жақсылықтың ең таза нысаны. Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық қан […]

Кейде Қан орталығының залдарындағы тыныштық – жағдайдың қаншалық алаңдатарлық екенін сөзсіз- ақ білдіреді.

Біз әр күн сайын – біреудің өмірін құтқаруға күші жететін жандарды көреміз деген үмітпен есігімізді айқара ашамыз. Біз донорларды дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 8:30-дан 13:00-гедейін, түскі үзіліссіз күтеміз. Бірақ кей күндері креслолар бос тұрады. Ал осы сәтте ауруханада біреу өмір үшін арпалысып, донор әкелер тамшы қанды күтіп жатады. Өтінеміз, бізді ұмытпаңыздар. Сіздің қаныңыз біреуге тағыбір […]

Өскемен ГЭС-да Донорлық күн

26 қарашада «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС-де жылына екі рет ұйымдастырылатын, кәсіпорынның қайырымды дәстүріне айналған Донорлық күн өткізілді. Станция қызметкерлері қан және оның компоненттері доноры ретінде тағы бір жоғары азаматтық жауапкершілік пен мейірімділіктерін көрсетті. Әрқайсысы адам өмірін құтқаруға өз үлесін қосты. Өскемен ГЭС ұжымына өтеусіз донорлықты тұрақты түрде қолдап келе жатқандарыңыз үшін, сондай ақ көптеген жылдар […]

2025 жылғы 24 қарашада «Жаңа Қазақстан» бағдарламасының тікелей эфирінде «ALTAI» телеарнасында облыстық қан орталығының директоры Светлана Александровна Шмурыгина сөз сөйледі.

Эфирде біздің өңірде донорлықты дамытудың негізгі мәселелері талқыланды, біз жаңа донорларды қалай тартатынымыз, қандай ақпараттық іс-шаралар мен акциялар өткізетініміз және донорлық қозғалысты кеңейту үшін қандай қадамдар жасайтынымыз туралы айтылды. Бөлек тақырып ретінде гемопоэздік дің жасушалар донорлығы да айтылды — трансплантацияға мұқтаж пациенттерге өмір сүруге мүмкіндік беретін маңызды бағыт. Сондай-ақ, Светлана Александровна қан орталығының жұмысында қолданылатын […]

Бүгін сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының ұжымы кәсіби борышын атқару барысында қаза тапқан фельдшер Улдана Мырзуанның рухына тағзым етіп, жалпыұлттық бір минут үнсіздікке қосылды.

 Бұл үнсіздік – өз өмірін аямай, адам өмірін қорғау жолында қызмет ететін жандарға деген терең құрмет белгісі. Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, батылдығы мен кәсібіне адалдығы үшін Улдана Мырзуанға «Ерлігі үшін» медалі (посмертті) берілді. Қайтыс болған фельдшердің туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз. Оның мейірімі, жігері мен жанқиярлығы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Бүгін біз керемет жан — Рахметоллақызы Назымды туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бүгін біз керемет жан — Рахметоллақызы Назымды туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Ол – жүрегі жомарт, ниеті таза, айналасына әрдайым мейіріммен қарайтын, қан және тромбоцит доноры болып, өзгеге шынайы жанашырлық таныта білетін ару. Назым тек өзгенің өмірін құтқару үшін жанын салып көмектесіп қана қоймай, ШҚО қан орталығында бағдарламашы болып еңбек етіп, өңірдің қан қызметінің жұмысына […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33