2025 жылғы 28 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында (ШҚ ОҚО) трансфузиологияның өзекті мәселелеріне арналған облыстық конференция өтті. Гибридті форматта ұйымдастырылған іс-шараға өңірдің өндірістік және клиникалық трансфузиология мамандары қатысты.
Қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қан қызметі бойынша есеп беріп, саланың негізгі проблемалық мәселелерін атап өтті. ШҚ ОҚО қызметкерлері трансфузиолог-дәрігер Дархан Умырзаков пен қан сынау бөлімінің меңгерушісі Елена Екимцева тромбоциттерді жеке іріктеу бойынша облыстық қан орталығының тәжірибесімен бөлісіп, трансфузияға дейінгі сынақтар кезеңінде үйлесімсіздік анықталған кезде медициналық […]

