Author Posts

«Қанның ерікті өтеусіз қан донорлығы айы»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Қанның ерікті өтеусіз қан донорлығы айы» жобасы аясында, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отырған шараға Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жигитаев Толеген Хайруллаұлы және ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысының орынбасары Масадыков Адылжан Сайдуллаұлы келді. Сапар қан орталығына экскурсиядан басталды: қонақтарға технологиялық процестер, […]

Бүгін ALTAI телеарнасындағы «Алтай таны» телебағдарламасында донорларды іріктеу бөлімінің меңгерушісі Сарсенбаева Әлия сөз сөйледі.

Сұхбат барысында Қазақстан Республикасында өтеусіз қан донорлығын дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Әлия Мағашевна ерікті түрде қан тапсыру — тек игі іс қана емес, біреудің өмірін сақтап қалудың нақты мүмкіндігі екенін атап өтті. Күн сайын операциядан кейінгі науқастар, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер, босануы күрделі өткен әйелдер және онкогематологиялық ауруларға шалдыққан адамдар донорлық қанға мұқтаж. Сондай-ақ тұрақты […]

http://vkock.kz/wp-content/uploads/2026/02/WhatsApp-Video-2026-02-20-at-08.24.51-1.mp4

Құрметті мұсылман қауымы!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – рухани тазару, шынайы дұға, мейірімділік пен ізгі амалдардың айы. Осынау берекелі ай жүректеріңізді иман нұрына бөлеп, жан дүниеңізге тыныштық, сабыр және ішкі үйлесім сыйласын. Алла Тағала ұстаған оразаларыңыз бен жасаған дұға-тілектеріңізді, игі ниеттеріңізді қабыл етсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен татулық, әр шаңыраққа береке-бірлік нәсіп […]

Бүгін «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлері «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ ұжымы үшін қан донорлығының маңызы туралы презентация өткізді.

Педагогтар алдында донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі Әлия Сарсенбаева және халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маман Мира Мустафина сөз сөйледі. Кездесу барысында олар донорлықтың маңыздылығы, қан тапсыру рәсімі қалай өтіп жатқаны, кім донор бола алатындығы және қан қорын үнемі толықтырудың маңыздылығы туралы айтты. Іс – шара ашық диалог форматында өтті -қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. […]

Қате немесе артық төленген МӘМС жарналарын қайтарып алуға болады.

Бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде өтініш беру қажет. 📝 Егер сіз дербес төлеуші болсаңыз, өтініш үлгі бойынша толтырылады. 📝 Ал жұмыс беруші арқылы өтініш берілген жағдайда, қызметкердің қаражатын қайтаруға берген келісімі қоса тіркелуі тиіс. Мемлекеттік корпорацияның мекенжайлары мен өтініш үлгілері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының […]

Бізбен бірге жақсылық жасаңыз

Мейірімділік күніне орай біздің қызметкерлер «ALTAI» телеарнасындағы «Алтай таңы» бағдарламасына қатысты. «Алтай таңы» бағдарламасының тікелей эфирінде қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің меңгерушісі Кулиманова Сандуғаш және халықты донорлыққа насихаттау жөніндегі маман Мустафина Мира сөз сөйледі. Бағдарлама барысында мамандар қан донорлығының маңыздылығы, қан тапсыру рәсімінің қалай өтетіні, кім донор бола алатыны және тұрақты донорлықтың адам өмірін […]

Біздің тірегіміз. Біздің қолдауымыз. Біздің донорлар.

Бүгін Облыстық қан орталығына біздің еріктілеріміз – тірегіміз бен қолдауымыз, сондай-ақ сенімді серіктесіміз – ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамы филиалының қызметкерлері келді. Филиал директоры Касенова Шолпан Советбекқызының жетекшілігімен еріктілер қан тапсырып, игі істі сөзбен емес, нақты әрекетпен дәлелденетінін көрсетті. Бүгін әрбір донор адам өмірін құтқару жолындағы үлкен істің бір бөлігіне айналды. ШҚО Қызыл Жарты Ай […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33