Жаңалықтар

Бүгін Қан орталығында ерекше қарбалас әрі шынайы қуанышқа толы күн болды. Әдеттегі донорларға қоңырау шалу мен жұмыс тыныштығының орнына – балалардың күлкісі, таңданысқа толы жанарлар және әр қабаттағы шынайы шаттық сезілді

Бізге қонаққа «№34 мектеп-лицейі» КММ 4-сынып оқушылары келді. Балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында олар Қан орталығының қалай жұмыс істейтінін, донорлықтың не үшін қажет екенін және бір реттік қан тапсыру біреудің өмірін қалай құтқара алатынын білді. Оқушылар мамандарды үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, кұрал-жабдықтарды қызыға тамашалады. Осындай кездесулер ерте жастан өзгелерге көмек көрсетудің маңызын, […]

Құрметті христиандар! Сіздерді Ұлы Пост мерекесінің басталуымен құттықтаймыз!

Қымбатты достар, Ұлы Пост кезеңі басталды- бұл рухани жаңару, тазару және ішкі үйлесім уақыты. Бұл – ой толғауға, дұға етуге, ізгі істер жасауға және сенімді нығайтуға арналған ерекше кезең. Осы күндер әрқайсыңызға жүрек тыныштығын, қиындықтарды еңсеруге күш-куат және игі істерге шабыт әкелсін. Сенім шуағы жолдарыңызды нұрландырып, жан дүниелеріңіз жылулық пен махаббатқа бөленсін!

«Қанның ерікті өтеусіз қан донорлығы айы»

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Қанның ерікті өтеусіз қан донорлығы айы» жобасы аясында, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отырған шараға Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жигитаев Толеген Хайруллаұлы және ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысының орынбасары Масадыков Адылжан Сайдуллаұлы келді. Сапар қан орталығына экскурсиядан басталды: қонақтарға технологиялық процестер, […]

Бүгін ALTAI телеарнасындағы «Алтай таны» телебағдарламасында донорларды іріктеу бөлімінің меңгерушісі Сарсенбаева Әлия сөз сөйледі.

Сұхбат барысында Қазақстан Республикасында өтеусіз қан донорлығын дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Әлия Мағашевна ерікті түрде қан тапсыру — тек игі іс қана емес, біреудің өмірін сақтап қалудың нақты мүмкіндігі екенін атап өтті. Күн сайын операциядан кейінгі науқастар, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер, босануы күрделі өткен әйелдер және онкогематологиялық ауруларға шалдыққан адамдар донорлық қанға мұқтаж. Сондай-ақ тұрақты […]

http://vkock.kz/wp-content/uploads/2026/02/WhatsApp-Video-2026-02-20-at-08.24.51-1.mp4

Құрметті мұсылман қауымы!

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – рухани тазару, шынайы дұға, мейірімділік пен ізгі амалдардың айы. Осынау берекелі ай жүректеріңізді иман нұрына бөлеп, жан дүниеңізге тыныштық, сабыр және ішкі үйлесім сыйласын. Алла Тағала ұстаған оразаларыңыз бен жасаған дұға-тілектеріңізді, игі ниеттеріңізді қабыл етсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен татулық, әр шаңыраққа береке-бірлік нәсіп […]

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33