Касаинова Шынар Даулетхановна – өз қызметіне адалдығы, жауапкершілігі және үздіксіз дамуға деген талпынысы үлгі боларлық адам.
Өз кәсіби жолын ол 2000 жылдың мамыр айында фармацевтикалық өнім шығару цехындағы медбике көмекшісі лауазымынан бастады. Жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап ол еңбекқорлығы, жоғары орындаушылығы және жаңа бағыттарды меңгеруге дайындығымен көзге түсіп, қиындықтар мен жауапкершіліктен қорықпады. Облыстық қан орталығында жұмыс істеген жылдары Шынар Даулетхановна кәсіби жолында елеулі тәжірибе жинақтап, санитар, автоклав аппаратшысы, қойма меңгерушісі лауазымдарында […]

