Бүгін өзінің туған күнінде біздің тұрақты донорымыз – Жеңісханов Ерболат Серікханұлы науқасқа өмір сыйлады!

Бүгін өзінің туған күнінде біздің тұрақты донорымыз – Жеңісханов Ерболат Серікханұлы науқасқа өмір сыйлады!

Ол 2016 жылдан бастап қан доноры болып табылады және ол осы донорлық жолда 30 донацияны жүзеге асырды.

Ерболат Серікханұлы тек қан тапсырып қана қоймай, қан компоненттерін, тромбоциттерді де тапсырады.

Құрметті Ерболат Серікханұлы, Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге әлемдегі бар игі жақсылықтарды тілейміз. Алланың тарту еткен әр күні тек қуаныштардан тұрсын. Тәтті өмірдің бақытына кенеліп, бау-бақшадай көгеріп өсіп-өніп, бақытты да ұзақ ғұмыр кешіңіз.Әрқашанда жақсылық жаныңыздың серігі болсын.

Авторы: Мустафина М @mira_akilbekovna

#Қанорталығы #туғанкүн #Донор

Мейірімділік-әлемді құтқарады!Құрметті донорлар, біздің сіздерге айтар жақсы жаңалығымыз бар!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33