Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі

Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі

Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз-жаңа жылдың басы, көктемгі күн мен түннің теңесуі күнімен сәйкес келеді. Қазақтарда да, Азияның көптеген халықтарында да бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат салтанатының, құнарлылық пен достықтың символы болып табылады.

Күзден күңіреніп, қыстан қысылып шыққан халық тонын шешіп, күнге еркелеп, ескен таудың салқын самалымен кең тыныстап, ұлы Наурыздан мол ырыс күтеді.Осы кезде ата-бабаларымыз тозуға жақындаған ескі киімдерін тастап, тазалана бастаған. Жаңа жылдан жақсы үміттер күтіп, бәле-жала осылармен кетсін деп ескі немесе сынық ыдыстардан құтылған. Тіршілік қайта тіріліп, жандансын деп айналаны тазартып, бұлақ көзін ашқан,мерекеге орай ағаштар, гүлдер отырғызған.

Наурыз мерекесі қарсаңында 2022 жылдың 18 – інші наурызы күні облыстық қан орталығында «Наурыз-жақсылықтың бастауы» атты ұранмен донорлық акция өтті.

Бұл күні екінші қабатта біздің донорларымыз үшін қазақ асханасының түрлі ұлттық тағамдарынан мерекелік дастархан жайылды, онда ең басты тағам – Наурыз көже болды. Донациядан кейін барлық донорлар «Eira Med» ЖШС серіктестерінен тәттілер салынған азық-түлік жиынтығын және «Ukabeauty» @ukabeauty кореялық және сәндік косметика дүкенінен тері күтімі косметикасын сыйлыққа алды.
Құрметті донорлар, сіздерге үлкен рахмет! Қан доноры – өз қанын өзгеге ұсына отырып, өлім аузындағы адамға өмір сыйлайтын жан.Сіздердің арқаларыңызда біздің елімізде күн сайын ондаған адамның өмірі құтқарылады.

Наурыз мерекесі халқымыздың мәдениетінің ұлылығы мен үздік дәстүрлерін паш етеді. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, ізгілік пен білімділікке баурайды. Осындай тамаша мерекеде Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, жақсылық және амандық тілейміз! Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен татулық әкелсін!

Авторы: Мустафина М.А.

«Менің қан тобым қандай?»”Наурыз – жақсылықтың бастауы” атты ұранмен қайырымдылық донорлық акциясы өтті.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33